Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 26 ноября 2019 года № 208 «Об утверждении Правил расчета годовой эффективной ставки вознаграждения по предоставляемым микрокредитам»

Қаулы · № 7 · қабылданған 20.02.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/26-2019-no-208/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
О внесении изменения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 26 ноября 2019 года № 208 «Об утверждении Правил расчета годовой эффективной ставки вознаграждения по предоставляемым микрокредитам» Қолданыста Қаулы ·№ 7 ·20.02.2023
20.02.2023 редакциясы
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.02.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 26 ноября 2019 года № 208 «Об утверждении Правил расчета годовой эффективной ставки вознаграждения по предоставляемым микрокредитам»

Қолданыста Қаулы ·№ 7 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 26 ноября 2019 года № 208 «Об утверждении Правил расчета годовой эффективной ставки вознаграждения по предоставляемым микрокредитам»
Атауы (қаз.)
«Берілетін микрокредиттер бойынша сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесін есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 26 қарашадағы № 208 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
7
Қабылданған күні
20.02.2023
Көрсетілген редакция
20.02.2023 178961_633978.kaz
Соңғы өзгеріс
20.02.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300032001
ЭКБ идентификаторы
178961
Редакция идентификаторы
178961_633978
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 20:21

0 «Берілетін микрокредиттер бойынша сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесін есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 26 қарашадағы № 208 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Берілетін микрокредиттер бойынша сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесін есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 26 қарашадағы № 208 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19677 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Берілетін микрокредиттер бойынша сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесін есептеу қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Микроқаржы ұйымдары:
1) микрокредиттер бойынша сыйақы шамалары туралы ақпаратты тарату, оның ішінде оны жариялау кезінде;
2) клиентпен жасалатын микрокредит беру туралы шартта сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесін қаріптері сыйақының басқа мөлшерлемелерімен бірдей көлемдегі және ресімдеу стиліндегі (курсив, жартылай қарайтылған, түспен бояп көрсету) нысанда цифрмен көрсетеді.
Клиентпен жасалатын микрокредит беру туралы шартта жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі компьютерлік техника құрылғыларының көмегімен басқа сыйақы мөлшерлемелерімен бір сөйлемде басылады.
Егер жалпы талаптар микрокредит беру туралы шартта кесте түрінде көрсетілсе, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі басқа мөлшерлемелер көрсетілгеннен кейін келесі жеке жолда (бағанда) көрсетіледі.».

2 2. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

3 3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы