О внесении изменения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 26 ноября 2019 года № 209 «Об установлении предельного значения вознаграждения по договору о предоставлении микрокредита»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 26 ноября 2019 года № 209 «Об установлении предельного значения вознаграждения по договору о предоставлении микрокредита»
- Атауы (қаз.)
- «Микрокредит беру туралы шарт бойынша сыйақының шекті мәнін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 26 қарашадағы № 209 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 25
- Қабылданған күні
- 26.05.2023
- Көрсетілген редакция
- 19.08.2024 182302_719404.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.08.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2300032632
- ЭКБ идентификаторы
- 182302
- Редакция идентификаторы
- 182302_719404
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 18:44
0 «Микрокредит беру туралы шарт бойынша сыйақының шекті мәнін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 26 қарашадағы №209 қаулысына
өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Микрокредит беру туралы шарт бойынша сыйақының шекті мәнін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 26 қарашадағы № 209 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19715 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жеке тұлғамен жасалған күнтізбелік қырық бес күнге дейінгі кезеңге кепілсіз микрокредит беру туралы шарт бойынша сыйақының шекті мәні:
күніне 1 (бір) пайыздан кем, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің отыз еселенген мөлшерінен аспайтын берілген микрокредит сомасының 20 (жиырма) пайызынан аспайтын мөлшерде;
күніне 1 (бір) пайыздан кем, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің отыз еселенген мөлшеріне тең немесе одан асатын берілген микрокредит сомасының 15 (он бес) пайызынан аспайтын мөлшерде белгіленсін.
Жеке тұлғамен жасалған, мүлік кепілімен қамтамасыз етілген микрокредит беру туралы шарт бойынша сыйақының шекті мәні күніне 0,8 (нөл бүтін оннан сегіз) пайыздан аспайтын, бірақ күнтізбелік қырық бес күнге дейінгі кезеңге берілген микрокредит сомасының 20 (жиырма) пайызынан аспайтын мөлшерде белгіленсін.
Шарттың қолданыс мерзімі күнтізбелік қырық бес күннен асатын мерзімге ұлғайған кезде жеке тұлғамен жасалған микрокредит беру туралы шарт бойынша сыйақының шекті мәні күніне 0,4 (нөл бүтін оннан төрт) пайыздан аспайтын мөлшерде белгіленсін.».