О внесении изменений в решение маслихата Тайыншинского района Северо-Казахстанской области от 26 апреля 2019 года № 248 «Об установлении повышенных на двадцать пять процентов должностных окладов и тарифных ставок специалистам в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта, ветеринарии, лесного хозяйства и особо охраняемых природных территорий, являющимся гражданскими служащими и работающим в сельских населенных пунктах Тайыншинского района Северо-Казахстанской
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение маслихата Тайыншинского района Северо-Казахстанской области от 26 апреля 2019 года № 248 «Об установлении повышенных на двадцать пять процентов должностных окладов и тарифных ставок специалистам в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта, ветеринарии, лесного хозяйства и особо охраняемых природных территорий, являющимся гражданскими служащими и работающим в сельских населенных пунктах Тайыншинского района Северо-Казахстанской
- Атауы (қаз.)
- «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2019 жылғы 26 сәуірдегі № 248 шешіміне өзгерісте
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 137
- Қабылданған күні
- 03.02.2022
- Көрсетілген редакция
- 03.02.2022 164366_559786.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.02.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V22SK026757
- ЭКБ идентификаторы
- 164366
- Редакция идентификаторы
- 164366_559786
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 03:34
0 «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының
ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын
табиғи аумақтар саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы
Тайынша ауданы мәслихатының 2019 жылғы 26 сәуірдегі
№ 248 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2019 жылғы 26 сәуірдегі № 248 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5379 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы»;
көрсетілген шешімнің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының ауылдық елді мекендерінде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандарға, сондай-ақ аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгiленсін.».