Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в совместный приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 26 августа 2019 года № 290 и Министра национальной экономики Республики Казахстан от 27 августа 2019 года № 78 «Об утверждении критериев оценки степени риска и проверочных листов в области электроэнергетики и теплоэнергетики»

Бұйрық · № 295-н/қ · қабылданған 03.08.2026
Заңдық күші: Қолданыста · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/26-2019-no-290-27-2019-no-78-ekb-229051/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О внесении изменений в совместный приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 26 августа 2019 года № 290 и Министра национальной экономики Республики Казахстан от 27 августа 2019 года № 78 «Об утверждении критериев оценки степени риска и проверочных листов в области электроэнергетики и теплоэнергетики» Қолданыста 03.08.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений в совместный приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 26 августа 2019 года № 290 и Министра национальной экономики Республики Казахстан от 27 августа 2019 года № 78 «Об утверждении критериев оценки степени риска и проверочных листов в области электроэнергетики и теплоэнергетики»

Қолданыста Бұйрық № 295-н/қ 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в совместный приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 26 августа 2019 года № 290 и Министра национальной экономики Республики Казахстан от 27 августа 2019 года № 78 «Об утверждении критериев оценки степени риска и проверочных листов в области электроэнергетики и теплоэнергетики»
Атауы (қаз.)
«Электр энергетикасы және жылу энергетикасы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2019 жылғы 26 тамыздағы № 290 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 27 тамыздағы № 78 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
exe
Нөмірі
295-н/қ
Қабылданған күні
03.08.2026
Қолданысқа енгізілген күні
31.08.2026
Көрсетілген редакция
03.08.2026 I229051_0.kaz
Соңғы өзгеріс
03.08.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2600039621
ЭКБ идентификаторы
229051
Редакция идентификаторы
I229051_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
17.09.2026 18:54
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.08.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0

«Электр энергетикасы және жылу энергетикасы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2019 жылғы 26 тамыздағы № 290 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 27 тамыздағы № 78 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫЗ:

1. «Электр энергетикасы және жылу энергетикасы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2019 жылғы 26 тамыздағы № 290 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 27 тамыздағы № 78 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19323 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Электр энергетикасы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында:
23 және 24-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
«23. Бақылау субъектілері (объектілері) цифрлық жүйені қолдана отырып, бақылау субъектілері қызметінің тиісті салаларындағы жоғары тәуекел дәрежесінен орташа тәуекел дәрежесіне немесе орташа тәуекел дәрежесінен төмен тәуекел дәрежесіне мынадай жағдайларда:
1) егер мұндай субъектілер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда және тәртіппен үшінші тұлғалар алдында азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шарттарын жасасcа;
2) егер Қазақстан Республикасының заңдарында және реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудан немесе талаптарға сәйкестігіне тексерулер жүргізуден босату жағдайлары айқындалған болса;
3) егер субъектілер өзін-өзі реттейтін ұйым қызметінің нәтижелерін тану туралы келісім жасалған, «Өзін-өзі реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерікті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелері болып табылса ауыстырылады.
24. Тәуекелдерді бағалау мен басқарудың цифрлық жүйесі болмаған кезде оларға қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) талаптарға сәйкестігін тексеру жүзеге асырылатын бақылау субъектілері (объектілері) санының ең аз жол берілетін шегі мемлекеттік бақылаудың белгілі бір саласындағы осындай бақылау субъектілерінің жалпы санының бес пайызынан аспауға тиіс.»;
1-қосымшада:
реттік нөмірі 28 және 29-жолдар жаңа редакцияда жазылсын:
«
28
Келесі күнтізбелік жылға білімін біліктілік тексеруге жататын басшылардың тізімін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетіне жыл сайын 1 желтоқсанға дейін жіберу мерзімін сақтау.
Елеулі
29
Энергия өндіруші ұйым басшысының жұмысқа қабылданғаны немесе жұмыстан босатылғаны туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетіне басшы қабылданған (жұмыстан босатылған) күннен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде жолдау мерзімін сақтау.
Елеулі
»;
2-қосымшада:
реттік нөмірі 10-жол жаңа редакцияда жазылсын:
«
10

реттік нөмірі 33-жол жаңа редакцияда жазылсын:
«
33

5-қосымшада:
реттік нөмірі 15-жол жаңа редакцияда жазылсын:
«
15
Әзірлік паспортын алуға құжаттарды қабылдау бойынша 15 (он бесінші) тамыздан бастап 30 (отызыншы) қыркүйекті қоса алғанда, жыл сайынғы кезеңді сақтау «цифрлық үкіметтің» www.egov.kz. веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
Өрескел
»;
реттік нөмірі 382 және 383-жолдар жаңа редакцияда жазылсын:
«
382

3383

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жылу энергетикасы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында:
22 және 23-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
«22. Бақылау субъектілері (объектілері) цифрлық жүйені қолдана отырып, бақылау субъектілері қызметінің тиісті салаларындағы жоғары тәуекел дәрежесінен орташа тәуекел дәрежесіне немесе орташа тәуекел дәрежесінен төмен тәуекел дәрежесіне мынадай жағдайларда:
1) егер мұндай субъектілер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда және тәртіппен үшінші тұлғалар алдында азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шарттарын жасасcа;
2) егер Қазақстан Республикасының заңдарында және реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудан немесе талаптарға сәйкестігіне тексерулер жүргізуден босату жағдайлары айқындалған болса;
3) егер субъектілер өзін-өзі реттейтін ұйым қызметінің нәтижелерін тану туралы келісім жасалған, «Өзін-өзі реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерікті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелері болып табылса ауыстырылады.
23. Тәуекелдерді бағалау мен басқарудың цифрлық жүйесі болмаған кезде оларға қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) талаптарға сәйкестігін тексеру жүзеге асырылатын бақылау субъектілері (объектілері) санының ең аз жол берілетін шегі мемлекеттік бақылаудың белгілі бір саласындағы осындай бақылау субъектілерінің жалпы санының бес пайызынан аспауға тиіс.»;
1-қосымшада:
реттік нөмірі 15-жол жаңа редакцияда жазылсын:
«
15
Келесі күнтізбелік жылға білімін біліктілік тексеруге жататын басшылардың тізімін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетіне жыл сайын 1 желтоқсанға дейін жіберу мерзімін сақтау.
Елеулі
»;
реттік нөмірі 17-жол жаңа редакцияда жазылсын:
«
17
Энергия өндіруші ұйым басшысының жұмысқа қабылданғаны немесе жұмыстан босатылғаны туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетіне басшы қабылданған (жұмыстан босатылған) күннен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде жолдау мерзімін сақтау.
Елеулі
»;
2-қосымшада:
реттік нөмірі 15-жол жаңа редакцияда жазылсын:
«
15
Келесі күнтізбелік жылға білімін біліктілік тексеруге жататын басшылардың тізімін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетіне жыл сайын 1 желтоқсанға дейін жіберу мерзімін сақтау.
Елеулі
»;
реттік нөмірі 17-жол жаңа редакцияда жазылсын:
«
17
Энергия өндіруші ұйым басшысының жұмысқа қабылданғаны немесе жұмыстан босатылғаны туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетіне басшы қабылданған (жұмыстан босатылған) күннен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде жолдау мерзімін сақтау.
Елеулі
»;
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Энергия беруші ұйымдарға қатысты электр энергетикасы саласындағы тексеру парағында:
реттік нөмірі 10-жол жаңа редакцияда жазылсын:
«
10
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетіне келесі күнтізбелік жылға арналған білімін біліктілік тексеруге жататын басшылардың жыл сайынғы тізімін 1 желтоқсанға дейін ұсыну мерзімдерін сақтау.
»;
реттік нөмірі 33-жол жаңа редакцияда жазылсын:
«
33
Энергия өндіруші ұйым басшысының жұмысқа қабылданғаны немесе жұмыстан босатылғаны туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетіне басшы қабылданған (жұмыстан босатылған) күннен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде жолдау мерзімін сақтау.
»;
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Энергия өндіруші ұйымдарға қатысты электр энергетикасы саласындағы тексеру парағында:
реттік нөмірі 28 және 29-жолдар жаңа редакцияда жазылсын:
«
28
Келесі күнтізбелік жылға білімін біліктілік тексеруге жататын басшылардың тізімін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетіне жыл сайын 1 желтоқсанға дейін жіберу мерзімін сақтау.
29
Энергия өндіруші ұйым басшысының жұмысқа қабылданғаны немесе жұмыстан босатылғаны туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетіне басшы қабылданған (жұмыстан босатылған) күннен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде жолдау мерзімін сақтау.
»;
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдарға қатысты электр энергетикасы саласындағы тексеру парағында:
реттік нөмірі 15-жол жаңа редакцияда жазылсын:
«
15
Әзірлік паспортын алуға құжаттарды қабылдау бойынша 15 (он бесінші) тамыздан бастап 30 (отызыншы) қыркүйекті қоса алғанда, жыл сайынғы кезеңді сақтау «цифрлық үкіметтің» www.egov.kz. веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
»;
реттік нөмірі 382 және 383-жолдар жаңа редакцияда жазылсын:
«
382
Келесі күнтізбелік жылға білімін біліктілік тексеруге жататын басшылардың тізімін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетіне жыл сайын 1 желтоқсанға дейін жіберу мерзімін сақтау.
383
Энергия өндіруші ұйым басшысының жұмысқа қабылданғаны немесе жұмыстан босатылғаны туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетіне басшы қабылданған (жұмыстан босатылған) күннен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде жолдау мерзімін сақтау.
»;
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Жылу өндіруші субъектілерге қатысты жылу энергетикасы саласындағы тексеру парағында:
реттік нөмірі 15-жол жаңа редакцияда жазылсын:
«
15
Келесі күнтізбелік жылға білімін біліктілік тексеруге жататын басшылардың тізімін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетіне жыл сайын 1 желтоқсанға дейін жіберу мерзімін сақтау.
»;
реттік нөмірі 17-жол жаңа редакцияда жазылсын:
«
17
Энергия өндіруші ұйым басшысының жұмысқа қабылданғаны немесе жұмыстан босатылғаны туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетіне басшы қабылданған (жұмыстан босатылған) күннен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде жолдау мерзімін сақтау.
»;
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Жылу тасымалдаушы субъектілерге қатысты жылу энергетикасы саласындағы тексеру парағында:
реттік нөмірі 15-жол жаңа редакцияда жазылсын:
«
15
Келесі күнтізбелік жылға білімін біліктілік тексеруге жататын басшылардың тізімін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетіне жыл сайын 1 желтоқсанға дейін жіберу мерзімін сақтау.
»;
реттік нөмірі 17-жол жаңа редакцияда жазылсын:
«
17
Энергия өндіруші ұйым басшысының жұмысқа қабылданғаны немесе жұмыстан босатылғаны туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетіне басшы қабылданған (жұмыстан босатылған) күннен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде жолдау мерзімін сақтау.
».

2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бірлескен бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін бес жұмыс күні ішінде оны «Тексеру субьектілері мен обьектілерінің бірыңғай тізілімі» ақпараттық жүйесінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетіне жолдауды;

4) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және арнайы
есепке алу жөніндегі комитеті