Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 26 сентября 2019 года № 354 «Об утверждении типового договора купли-продажи земельного участка»

Бұйрық · № 96 · қабылданған 30.03.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/26-2019-no-354-ekb-154007/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 26 сентября 2019 года № 354 «Об утверждении типового договора купли-продажи земельного участка» Қолданыста Бұйрық ·№ 96 ·30.03.2021
30.03.2021 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.03.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 26 сентября 2019 года № 354 «Об утверждении типового договора купли-продажи земельного участка»

Қолданыста Бұйрық ·№ 96 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 26 сентября 2019 года № 354 «Об утверждении типового договора купли-продажи земельного участка»
Атауы (қаз.)
«Жер учаскесін сатып алу-сатудың үлгілік шартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 26 қыркүйектегі № 354 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
96
Қабылданған күні
30.03.2021
Көрсетілген редакция
30.03.2021 154007_517229.kaz
Соңғы өзгеріс
30.03.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2100022445
ЭКБ идентификаторы
154007
Редакция идентификаторы
154007_517229
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 08:57

0 «Жер учаскесін сатып алу-сатудың үлгілік шартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 26 қыркүйектегі № 354 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Жер учаскесін сатып алу-сатудың үлгілік шартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 26 қыркүйектегі № 354 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19436 болып тіркелген, 2019 жылғы 4 қазанда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген жер учаскесін сатып алу-сатудың үлгілік шартында:
7-тармақтың 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«12) осы Шарттың 4-тармағында белгіленген мерзімде берілген жер учаскесіне төлем жасау жөніндегі міндет орындалмаған жағдайда, Сатып алушы учаскеге төлем жасалған күнге дейін жер учаскесі үшін сома төленуі тиіс күннен бастап мерзімі өткен мерзімге өсімпұлды (тұрақсыздық айыбын) күнтізбелік 30 күн ішінде төлеуге міндетті.
Өсімақы сомасы (тұрақсыздық айыбы) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесін негізге ала отырып, мерзімі өткен әрбір күнтізбелік күн үшін есептеледі.
Жер учаскесі бөліп төлеуге сатылған жағдайда 12) тармақша мынадай редакцияда жазылады:
«12) жер учаскесі үшін ай сайынғы төлемді кешіктірген жағдайда Сатып алушы Сатушыға жер учаскесінің төленбеген құнынан мерзімі өткен әрбір күн үшін 0,1 пайыз мөлшерінде тұрақсыздық айыбын төлейді;»;».

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық алғашкы ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

Қолданыстағы