«О внесении изменения в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 26 ноября 2019 года № 561 «Об утверждении Правил прохождения стажировки у частного судебного исполнителя»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- «О внесении изменения в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 26 ноября 2019 года № 561 «Об утверждении Правил прохождения стажировки у частного судебного исполнителя»
- Атауы (қаз.)
- «Жеке сот орындаушысында тағылымдамадан өту қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 26 қарашадағы № 561 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы»
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 888
- Қабылданған күні
- 15.10.2021
- Көрсетілген редакция
- 15.10.2021 159640_542748.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.10.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2100024828
- ЭКБ идентификаторы
- 159640
- Редакция идентификаторы
- 159640_542748
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 06:20
0 «Жеке сот орындаушысында тағылымдамадан өту қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 26 қарашадағы № 561 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы»
БҰЙЫРАМЫН:
1 1. «Жеке сот орындаушысында тағылымдамадан өту қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 26 қарашадағы № 561 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19669 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жеке сот орындаушысында тағылымдамадан өту қағидасында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жеке сот орындаушысының қызметін жүзеге асыруға лицензия алу үшін тағылымдамадан өтуге ниет білдірген және Заңның 140-бабының 2-тармағында, 156-бабының 1-1-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келетін тұлға «Жеке сот орындаушыларының Республикалық палатасы жанындағы оқу орталығы» мекемесіне (бұдан әрі – Оқу орталығы) еркін нысанда өтініш береді.
Тағылымдамадан өтуге рұқсат беру туралы өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) жоғары заң білімі туралы дипломның көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқасы болмаған жағдайда нотариалды куәландырылған);
3) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);
4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № ҚР ДСМ-49/2020 бұйрығымен бекітілген «Психиатрия» психикалық денсаулық орталығынан мәліметтер ұсыну» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына психикалық мінез-құлық бұзылулары бар науқастардың қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәліметтер (динамикалық бақылауда тұрғаны (не динамикалық бақылауда болмауы туралы) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20665 болып тіркелген);
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № ҚР ДСМ-49/2020 бұйрығымен бекітілген «Наркология» психикалық денсаулық орталығынан мәліметтер ұсыну» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына қосымшаға сәйкес мәліметтер (наркологиялық бұзылуларымен науқастардың динамикалық бақылауда тұрғаны (не динамикалық бақылауда болмауы туралы) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20665 болып тіркелген);
6) Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2020 жылғы 18 мамырдағы № 64 бұйрығымен бекітілген «Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша соттылығының болуы не болмауы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20674 болып тіркелген);
7) көлемі 3х4 сантиметр екі фотосурет.».