О внесении изменения в решение акима Шардаринского района от 26 февраля 2020 года № 05 «Об образовании избирательных участков на территории Шардаринского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение акима Шардаринского района от 26 февраля 2020 года № 05 «Об образовании избирательных участков на территории Шардаринского района»
- Атауы (қаз.)
- Шардара ауданы әкімінің 2020 жылғы 26 ақпандағы № 05 «Шардара ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 09
- Қабылданған күні
- 11.09.2020
- Көрсетілген редакция
- 28.12.2023 146413_677005.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.12.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20UO005802
- ЭКБ идентификаторы
- 146413
- Редакция идентификаторы
- 146413_677005
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 12:52
0 Шардара ауданы әкімінің 2020 жылғы 26 ақпандағы № 05 «Шардара ауданының аумағында сайлау учаскелерін
құру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37 бабына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 26 бабына сәйкес Шардара ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шардара ауданы әкімінің 2020 жылғы 26 ақпандағы № 05 «Шардара ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5448 тіркелген, 2020 жылғы 2 наурызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
шешімнің келісу бөлігінің деректемесіне орыс тілінде өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі деректемесі өзгермейді.
2. Түркістан облысы «Шардара ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Шардара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Г.Амантайға жүктелсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Шардара аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы
______________Е.Бейсенбиев
«___» __________ 2020 жыл