Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 26 мая 2020 года № 232 «Об утверждении Правил оказания государственной услуги «Постановка на учет нуждающихся в служебном жилище военнослужащих Вооруженных Сил Республики Казахстан»

Бұйрық · № 836 · қабылданған 03.12.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/26-2020-no-232-ekb-161491/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 26 мая 2020 года № 232 «Об утверждении Правил оказания государственной услуги «Постановка на учет нуждающихся в служебном жилище военнослужащих Вооруженных Сил Республики Казахстан» Қолданыста Бұйрық ·№ 836 ·03.12.2021
03.12.2021 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.12.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 26 мая 2020 года № 232 «Об утверждении Правил оказания государственной услуги «Постановка на учет нуждающихся в служебном жилище военнослужащих Вооруженных Сил Республики Казахстан»

Қолданыста Бұйрық ·№ 836 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 26 мая 2020 года № 232 «Об утверждении Правил оказания государственной услуги «Постановка на учет нуждающихся в служебном жилище военнослужащих Вооруженных Сил Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік тұрғын үйге мұқтаж әскери қызметшілерін есепке қою» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 26 мамырдағы № 232 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
836
Қабылданған күні
03.12.2021
Көрсетілген редакция
03.12.2021 161491_549972.kaz
Соңғы өзгеріс
03.12.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2100025720
ЭКБ идентификаторы
161491
Редакция идентификаторы
161491_549972
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 05:23

0 «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің

қызметтік тұрғын үйге мұқтаж әскери қызметшілерін
есепке қою» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын
бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің
2020 жылғы 26 мамырдағы № 232 бұйрығына
өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік тұрғын үйге мұқтаж әскери қызметшілерін есепке қою» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 26 мамырдағы № 232 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20742 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік тұрғын үйге мұқтаж әскери қызметшілерін есепке қою» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскерлерді пәтерлерге орналастыру бас басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

3 3) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

0 «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік тұрғын үйге мұқтаж әскери қызметшілерін есепке қою» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
2021 жылғы 3 желтоқсандағы
№ 836 Қосымша
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2020 жылғы 26 мамырдағы
№ 232 бұйрығымен
бекітілген
«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік
тұрғын үйге мұқтаж әскери қызметшілерін есепке қою»
мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік тұрғын үйге мұқтаж әскери қызметшілерін есепке қою» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік тұрғын үйге мұқтаж әскери қызметшілерін есепке қою» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.

2 2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің аудандық пайдалану бөлімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

3 3. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1 1) көрсетілетін қызметті беруші тұрғын үй бөлімінің (бөлімшесінің) жауапты орындаушысы – тұрғын үй комиссиясының хатшысы;

2 2) тұрғын үй комиссиясы – әскери қызметшілерді қызметтік тұрғын үйге мұқтаж деп тану мәселелерін және тұрғын үй қатынастары бойынша басқа да мәселелерді қарау үшін тиісті гарнизон бастығының бұйрығымен құрылатын комиссия.

2 2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

4

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған не ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі тіркелген және порталдың есепке алу жазбасына қосылған жағдайда бір реттік парольмен куәландырылған Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша баянатпен өтініш жасайды.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де мәліметтер Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік тұрғын үйге мұқтаж әскери қызметшілерін есепке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі – Стандарт) мазмұндалған.
Көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі Стандарттың 8-тармағында айқындалған.

5 5. Көрсетілетін қызметті беруші тұрғын үй бөлімінің (бөлімшесінің) жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрау салуды қабылдау туралы белгіні жолдайды.

Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» баянатты қабылдаудан бас тарту туралы белгіні жолдайды.

6 6. Тұрғын үй комиссиясының хатшысы 2 (екі) жұмыс күні ішінде қоса берілген құжаттармен бірге көрсетілетін қызметті алушының баянатын тұрғын үй комиссиясы отырысының қарауына шығарады.

7

7. Тұрғын үй комиссиясы ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастары саласындағы заңнамасына сәйкес келуін қарайды және көрсетілетін қызметті алушының баянаты қабылданған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей қызметтік тұрғын үйге мұқтаждарды есепке қою не есепке қоюдан бас тарту туралы хаттамалық шешім қабылдайды.

8 8. Тұрғын үй комиссиясы хаттамалық шешім қабылдағаннан кейін тұрғын үй комиссиясының хатшысы көрсетілетін қызметті алушыны қызметтік тұрғын үйге мұқтаждар есебіне қою не есепке қоюдан бас тарту туралы анықтаманы жасайды.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі портал арқылы Қағидаларға 3 және 4-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша анықтамалар беру болып табылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жолданады.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту Стандарттың 9-тармағына сәйкес жүзеге асырылады, бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіруге мүмкіндік беру үшін тыңдау уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жолданады. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижесі бойынша тұрғын үй комиссиясы көрсетілетін қызметті алушыны қызметтік тұрғын үйге мұқтаждар есебіне қою туралы не есепке қоюдан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

9

9. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсетуді мониторингтеудің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету кезеңі туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.

3 3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

10 10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адамға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жолдайды.
Бұл ретте Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 91-бабының 4-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші, әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы әкімшілік акт қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағымды жолдамауға құқылы.
Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

1 №________ «Тіркеу нөмірі» _________ «Баянат берілген күн»

«Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінің
қызметтік тұрғын үйге мұқтаж
әскери қызметшілерін есепке
қою» мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
1-қосымша
Нысан
№________ «Тіркеу нөмірі» _________ «Баянат берілген күн»
_________________________ гарнизонының
(атауы)
тұрғын үй комиссиясының төрағасына
_________________ мекенжайы бойынша тұратын
әскери қызметші
___________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының
__________________________________________
әскери атағы, тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде)
_________________________________________
(мемлекеттік мекеменің (әскери бөлімнің) атауы)
Баянат
Сізден мені және менің отбасы мүшелерімді (отбасы құрамының өзгеруіне байланысты) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 101-2-бабында көзделген тұрғын үйге өз құқығымды іске асыру үшін ________________________ гарнизоны бойынша қызметтік тұрғын үйге мұқтаждар есебіне қоюыңызды сұраймын.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

2 «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік тұрғын үйге мұқтаж әскери қызметшілерін есепке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

«Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінің
қызметтік тұрғын үйге мұқтаж
әскери қызметшілерін есепке
қою» мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
2-қосымша
«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік тұрғын үйге мұқтаж әскери қызметшілерін есепке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Қор­ға­ныс ми­ни­стр­лі­гі­нің аудан­дық пай­да­ла­ну бө­лім­де­рі
2.
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі
www.​egov.​kz «элек­трон­дық үкі­мет» веб-пор­та­лы (бұ­дан әрі – пор­тал).
3.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі
Күн­тіз­бе­лік 30 (отыз) күн
4.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ны­са­ны
Элек­трон­дық (то­лық ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған)
5.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сі
Есеп­ке қою кү­нін және ке­зек­тің рет­тік нө­мі­рін көр­се­ту­мен қыз­мет­тік тұр­ғын үй­ге мұқ­таж­дар есе­біне қою ту­ра­лы анық­та­ма не қыз­мет­тік тұр­ғын үй­ге мұқ­таж­дар есе­біне қо­ю­дан бас тар­ту ту­ра­лы анық­та­ма бе­ру.
6.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
Те­гін
7.
Жұ­мыс кесте­сі
Пор­тал­да – жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі өті­ніш жа­са­ған кез­де ба­я­нат­тар­ды қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды).
8.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін қа­жет­ті құ­жат­тар тіз­бе­сі
1) мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­нің кадр бө­лім­ше­сі (жа­сақ­тау бө­лім­ше­сі) бер­ген от­ба­сы құ­ра­мы және өте­у­сіз же­ке­ше­лен­ді­ру құқы­ғы­ның ор­ны­на өте­ма­қы алу ту­ра­лы мә­лі­мет­тер көр­се­ті­л­ген қыз­мет ор­ны­нан анық­та­ма;
2) ба­я­нат тір­кел­ген күн­ге дей­ін күн­тіз­бе­лік он күн ішін­де алын­ған мем­ле­кет­тік мү­лік ті­зі­лі­мі­нің веб-пор­та­лын­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған жал­да­у­шы бой­ын­ша ақ­па­рат (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­да және оның от­ба­сы мү­ше­ле­рін­де осы ел­ді ме­кен­де тұ­рақ­ты пай­да­ла­ну­да мем­ле­кет­тік тұр­ғын үй қо­ры­нан бе­рі­л­ген тұр­ғын үй­дің бо­луы неме­се бол­мауы ту­ра­лы);
3) жұ­байы (зай­ы­бы) мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­нің неме­се мем­ле­кет­тік кә­сі­по­рын­ның қыз­мет­ке­рі бо­лып та­бы­л­ған жағ­дай­да ба­я­нат тір­кел­ген күн­ге дей­ін бір ай ішін­де алын­ған мем­ле­кет­тік тұр­ғын үй қо­ры­нан тұр­ғын үй алу ту­ра­лы мә­лі­мет­те­рі бар көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­бай­ы­ның (зай­ы­бы­ның) жұ­мыс ор­ны­нан анық­та­ма;
4) егер көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға тұр­ғын үй бе­рі­л­ген жағ­дай­да бұ­рын­ғы қыз­мет ор­ны бой­ын­ша қыз­мет­тік тұр­ғын үй­ді тап­сыр­ға­ны ту­ра­лы анық­та­ма;
5) от­ба­сы тұ­ра­тын тұр­ғын үй бел­гі­лен­ген са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық та­лап­тар­ға сәй­кес кел­мей­тін жағ­дай­лар­да көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық қыз­мет ұй­ы­мы жүр­гіз­ген са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық са­рап­та­ма нәти­же­ле­рі бой­ын­ша ха­лық­тың са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық са­ла­у­ат­ты­лы­ғы са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ор­ган­ның аумақ­тық бө­лім­ше­сі бер­ген са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық қо­ры­тын­ды­ның түп­нұс­қа­сын қо­сым­ша ұсы­на­ды;
6) от­ба­сы тұ­ра­тын тұр­ғын үй бел­гі­лен­ген тех­ни­ка­лық та­лап­тар­ға сәй­кес кел­мей­тін жағ­дай­лар­да көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы сәу­лет, қа­ла құ­ры­лы­сы және құ­ры­лыс қыз­ме­ті са­ла­сын­да­ғы ат­те­стат­тал­ған са­рап­шы­ның тех­ни­ка­лық қо­ры­тындыс­ы­ның (тұр­ғын үй­ді тех­ни­ка­лық тек­се­ру нәти­же­ле­рі бой­ын­ша) түп­нұс­қа­сын қо­сым­ша ұсы­на­ды;
7) жап­сар­лас, оқ­ша­у­лан­ба­ған тұр­ғын үй-жай­лар­да екі және одан көп от­ба­сы тұ­рып жа­тқан жағ­дай­лар­да көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы өзі тұ­ра­тын тұр­ғын үй-жай­ға тех­ни­ка­лық пас­порт­тың (бар болған кез­де) және құқық бел­гі­лей­тін құ­жат­тың кө­шір­ме­ле­рін қо­сым­ша ұсы­на­ды (ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­де мә­лі­мет­тер бол­ма­ған кез­де);
8) егер көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы тұр­ғын үй жағ­дай­ла­рын жақ­сар­ту қа­жет­ті­лі­гіне бай­ла­ны­сты оны тұр­ғын үй­ге мұқ­таж деп та­ну ту­ра­лы ба­я­нат бер­ген жағ­дай­да тұ­ра­тын тұр­ғын үй­дің ала­ңын рас­тай­тын құ­жат­тар­дың кө­шір­ме­ле­рі;
9) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің 2018 жы­л­ғы 12 ақ­пан­да­ғы № 49 қа­улы­сы­мен бе­кі­ті­л­ген Әс­ке­ри қыз­мет­ші­лер­ді қыз­мет­тік тұр­ғын үй­мен қам­та­ма­сыз ету, тұр­ғын үй тө­лем­де­рі­нің мөл­ше­рін есеп­теу, та­ғай­ын­дау, қай­та есеп­теу, жү­зе­ге асы­ру, тоқ­та­ту, тоқ­та­та тұ­ру және қай­та ба­стау қа­ғи­да­ла­ры­ның 44-тар­ма­ғын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да тұр­ғын үй тө­лем­де­рін пай­да­ла­ну­ды рас­тай­тын құ­жат­тар­дың кө­шір­ме­ле­рі.
Же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тар­дың, неке­ге тұ­ру неме­се оны бұ­зу, ба­ла­лар­дың ту­уы ту­ра­лы ку­ә­лік­тің, өзде­ріне мен­шік құқы­ғын­да ти­е­сі­лі тұр­ғын үй­дің (Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы бой­ын­ша) бо­луы неме­се бол­мауы ту­ра­лы анық­та­ма­ның, от­ба­сын­да он се­гіз жас­қа тол­ма­ған мү­ге­дек ба­ла болған кез­де ха­лық­ты әле­умет­тік қор­ғау са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ор­ган­ның аумақ­тық бө­лім­ше­сі­нен мү­ге­дек­тік ту­ра­лы анық­та­ма­ның, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің 2011 жы­л­ғы 8 қа­ра­ша­да­ғы № 1309 қа­улы­сы­мен бе­кі­ті­л­ген Кей­бір со­зыл­ма­лы ау­ру­лар­дың ауыр ны­сан­да­ры­ның ті­зі­мін­де атал­ған ау­ру­лар­мен ауы­ра­тын от­ба­сы мү­ше­ле­рі болған кез­де ден­са­улық сақ­тау ұй­ы­мы­нан анық­та­ма­ның мә­лі­мет­те­рі көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге бар­лық от­ба­сы мү­ше­ле­ріне ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден «элек­трон­дық үкі­мет» шлю­зі ар­қы­лы ұсы­ны­ла­ды.
9.
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да­ғы де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) нақ­ты еме­сті­гін анық­тау;
2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және (неме­се) мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­дың, объ­ек­ті­лер­дің, де­ректер мен мә­лі­мет­тер­дің «Тұр­ғын үй қа­ты­на­ста­ры ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 101-3-ба­бын­да бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі.
10.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­л­ген өзге де та­лап­тар
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның қа­шық­тық­тан қол­же­тім­ді­лік ре­жи­мін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің анық­та­ма қыз­ме­ті, Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы­ның 1414, 8 800 080 7777 те­ле­фон­да­ры ар­қы­лы мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту бел­гі­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты алу­ға мүм­кін­ді­гі бар.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Қор­ға­ныс ми­ни­стр­лі­гі­нің www.​gov.​kz ин­тер­нет-ре­сур­сын­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тәр­ті­бі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Қор­ға­ныс ми­ни­стр­лі­гі­нің www.​gov.​kz ин­тер­нет-ре­сур­сын­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған те­ле­фон ар­қы­лы алу­ға бо­ла­ды.

3 __________________________ гарнизонында қызметтік тұрғын үйге мұқтаждар есебіне қою туралы анықтама

«Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінің
қызметтік тұрғын үйге мұқтаж
әскери қызметшілерін есепке
қою» мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
3-қосымша
Нысан
__________________________ гарнизонында
қызметтік тұрғын үйге мұқтаждар есебіне қою туралы
анықтама
Әскери қызметші __________________________________________________________,
(көрсетілетін қызметті алушының әскери атағы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
ол және оның отбасы мүшелері ____________________________ бойынша ____________
(гарнизонның атауы) (кезектегі нөмірі)
болып қызметтік тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрғаны туралы берілді:
1)________________________________________________________________________;
(туыстық дәрежесі, көрсетілетін қызметті алушы отбасы мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
2)________________________________________________________________________;
(туыстық дәрежесі, көрсетілетін қызметті алушы отбасы мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
3)________________________________________________________________________;
(туыстық дәрежесі, көрсетілетін қызметті алушы отбасы мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
4)….
Тұрғын үй комиссиясының 20 __ жылғы «____» ___________ № ____ хаттамасымен әскери
қызметші ________________________________________ және оның отбасы мүшелері
(тегі және инициалдары)
_____________________ бастап тұрғын үйге мұқтаж деп танылды.
(күні, айы, жылы)
Анықтама талап етілетін орны бойынша ұсыну үшін берілді.
Анықтама берілген күні__________ «Берілген күні».
Анықтама жарамды: мерзімсіз.
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: ____ «Орындаушының Т.А.Ә. (ол болған кезде)».
Деректер Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ақпараттық жүйесінен ұсынылды.
Осы құжат «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатқа тең.

4 ________________ гарнизонында қызметтік тұрғын үйге мұқтаждар есебіне қоюдан бас тарту туралы анықтама

«Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінің
қызметтік тұрғын үйге мұқтаж
әскери қызметшілерін есепке
қою» мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
4-қосымша
Нысан
Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде)
____________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)
________________ гарнизонында қызметтік тұрғын үйге мұқтаждар
есебіне қоюдан бас тарту туралы
анықтама
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының ___ бабы ___тармағының ___
тармақшасын басшылыққа ала отырып, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады
______________________________________________________________.
(стандартқа сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын көрсету)
Анықтама берілген күні__________ «Берілген күні».
Анықтама жарамды: мерзімсіз.
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: __ «Орындаушының Т.А.Ә. (ол бар болған кезде)».
Деректер Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ақпараттық жүйесінен ұсынылды.
Осы құжат «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатқа тең.

Қолданыстағы