Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в совместный приказ Генерального Прокурора Республики Казахстан от 26 июня 2020 года № 80, Председателя Агентства Республики Казахстан по противодействию коррупции (Антикоррупционной службы) от 29 июня 2020 года № 199 и Министра финансов Республики Казахстан от 14 июля 2020 года № 675 «Об утверждении Правил отбора на первоначальную профессиональную подготовку и условия ее прохождения для лиц, поступающих на службу в органы прокуратуры, антикоррупционную службу и службу эконо

Бұйрық · № 47 · қабылданған 01.02.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/26-2020-no-80-29-2020-no-199-14-2020-no-675-ekb-178800/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в совместный приказ Генерального Прокурора Республики Казахстан от 26 июня 2020 года № 80, Председателя Агентства Республики Казахстан по противодействию коррупции (Антикоррупционной службы) от 29 июня 2020 года № 199 и Министра финансов Республики Казахстан от 14 июля 2020 года № 675 «Об утверждении Правил отбора на первоначальную профессиональную подготовку и условия ее прохождения для лиц, поступающих на службу в органы прокуратуры, антикоррупционную службу и службу эконо Қолданыста Бұйрық ·№ 47 ·01.02.2023
01.02.2023 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.02.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в совместный приказ Генерального Прокурора Республики Казахстан от 26 июня 2020 года № 80, Председателя Агентства Республики Казахстан по противодействию коррупции (Антикоррупционной службы) от 29 июня 2020 года № 199 и Министра финансов Республики Казахстан от 14 июля 2020 года № 675 «Об утверждении Правил отбора на первоначальную профессиональную подготовку и условия ее прохождения для лиц, поступающих на службу в органы прокуратуры, антикоррупционную службу и службу эконо

Қолданыста Бұйрық ·№ 47 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в совместный приказ Генерального Прокурора Республики Казахстан от 26 июня 2020 года № 80, Председателя Агентства Республики Казахстан по противодействию коррупции (Антикоррупционной службы) от 29 июня 2020 года № 199 и Министра финансов Республики Казахстан от 14 июля 2020 года № 675 «Об утверждении Правил отбора на первоначальную профессиональную подготовку и условия ее прохождения для лиц, поступающих на службу в органы прокуратуры, антикоррупционную службу и службу эконо
Атауы (қаз.)
«Прокуратура органдарына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке және экономикалық тергеу қызметіне кіретін адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеудің және оны өткізу шарттарының, сондай-ақ оларды алғашқы кәсіптік даярлықтан шығару негіздерінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2020 жылғы 26 маусымдағы № 80, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2020 жылғы 29 маусымдағы № 199 және
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
47
Қабылданған күні
01.02.2023
Көрсетілген редакция
01.02.2023 178800_620629.kaz
Соңғы өзгеріс
01.02.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300031956
ЭКБ идентификаторы
178800
Редакция идентификаторы
178800_620629
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 20:30

0

«Прокуратура органдарына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке және экономикалық тергеу қызметіне кіретін адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеудің және оны өткізу шарттарының, сондай-ақ оларды алғашқы кәсіптік даярлықтан шығару негіздерінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2020 жылғы 26 маусымдағы №80, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2020 жылғы 29 маусымдағы №199 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 14 шiлдедегi №675 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы.
БҰЙЫРАМЫЗ:

1

1. «Прокуратура органдарына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке және экономикалық тергеу қызметіне кіретін адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеудің және оны өткізу шарттарының, сондай-ақ оларды алғашқы кәсіптік даярлықтан шығару негіздерінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2020 жылғы 26 маусымдағы №80, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 2020 жылғы 29 маусымдағы №199 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 14 шiлдедегi №675 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №20984 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
7-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Осы Қағидалардың 6-тармағының 2), 3), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген кезеңдерден өту кандидаттың таңдауы бойынша қазақ немесе орыс тілдерінде және жеке сәйкестендіру нөмірі бар Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаты немесе оның электрондық нысаны міндетті түрде болған кезде жүзеге асырылады.»;
12-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Кандидат мынадай құжаттарды қолма-қол ұсынады немесе Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер арқылы жібереді:»;
17-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«17. Байқаушы ретінде әңгімелесуге қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей кадр қызметінде тіркеледі. Тіркелу үшін тұлға кадр қызметіне жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе оның электрондық нысанын және осы Қағидалардың 16-тармағында көрсетілген ұйымдардың бірінде еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін ұсынады.»;
43-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жеке сәйкестендіру нөмірі бар Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе оның электрондық нысанын;»

2 2. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бірлескен бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының қызметін ұйымдастыруға жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасарына, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының норма шығару қызметі мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына, Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің Аппарат басшысына жүктелсін.

4 4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы