О внесении изменений и дополнений в Правила отбора на первоначальную профессиональную подготовку и условия ее прохождения для лиц, поступающих на службу в органы прокуратуры, антикоррупционную службу и службу экономических расследований, а также основания их отчисления от первоначальной профессиональной подготовки, утвержденные совместным приказом Генерального Прокурора Республики Казахстан от 26 июня 2020 года № 80, Председателя Агентства Республики Казахстан по противодействию коррупции (Антик
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в Правила отбора на первоначальную профессиональную подготовку и условия ее прохождения для лиц, поступающих на службу в органы прокуратуры, антикоррупционную службу и службу экономических расследований, а также основания их отчисления от первоначальной профессиональной подготовки, утвержденные совместным приказом Генерального Прокурора Республики Казахстан от 26 июня 2020 года № 80, Председателя Агентства Республики Казахстан по противодействию коррупции (Антик
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2020 жылғы 26 маусымдағы № 80, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 2020 жылғы 29 маусымдағы № 199 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 14 шілдедегі № 675 бірлескен бұйрығымен бекітілген прокуратура органдарына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке және экономикалық тергеу қызметіне кіретін адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеудің және оны өткізу ша
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 15
- Қабылданған күні
- 31.01.2024
- Көрсетілген редакция
- 31.01.2024 193041_687382.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.01.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2400033966
- ЭКБ идентификаторы
- 193041
- Редакция идентификаторы
- 193041_687382
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 13:22
0
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2020 жылғы 26 маусымдағы № 80, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 2020 жылғы 29 маусымдағы № 199 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 14 шілдедегі № 675 бірлескен бұйрығымен бекітілген прокуратура органдарына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке және экономикалық тергеу қызметіне кіретін адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеудің және оны өткізу шарттарының, сондай-ақ оларды алғашқы кәсіптік даярлықтан шығару негіздерінің қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫЗ:
1
1. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2020 жылғы 26 маусымдағы № 80, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 2020 жылғы 29 маусымдағы № 199 және Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2020 жылғы 14 шілдедегі № 675 «Прокуратура органдарына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке және экономикалық тергеу қызметіне кіретін адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеудің және оны өткізу шарттарының, сондай-ақ оларды алғашқы кәсіптік даярлықтан шығару негіздерінің қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №20984 болып тіркелген) бірлескен бұйрығына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Прокуратура органдарына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке және экономикалық тергеу қызметіне кіретін адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеудің және оны өткізу шарттарының, сондай-ақ оларды алғашқы кәсіптік даярлықтан шығару негіздерінің қағидаларында, көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген:
15-тармақтағы екінші және үшінші бөліктер алынып тасталсын;
25-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Денсаулық жағдайы бойынша қызмет өткеруге жарамсыз деп танылған, психофизиологиялық сараптаманың теріс нәтижелерін алған кандидат одан әрі іріктеу кезеңдеріне жіберілмейді.»;
келесі мазмұндағы 28-1-тармақпен толықтырылсын:
«28-1. Емтихан комиссияларының, сондай-ақ апелляциялық комиссияның жұмыс тәртібі мен құрамын қалыптастыру Академия ректорының бұйрығымен анықталады.»;
47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«47. Прокуратура органдарына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке, экономикалық тергеу қызметіне кіретін тыңдаушылар үшін Академияда оқудан өту мерзімі – бес айды құрайды.»;
келесі мазмұндағы 47-1-тармақпен толықтырылсын:
«47-1. Білім беру процесінің нысаны, тәртібі мен мазмұны Академия ректорының бұйрығымен анықталады.»;
52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«52. Прокуратура органдарына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке, экономикалық тергеу қызметіне кіретін тыңдаушылар үшін тағылымдамадан өту мерзімі – бір айға дейін.»;
59-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«59. Қорытынды емтиханның нысаны, тәртібі мен мазмұны Академия ректорының бұйрығымен анықталады.».
2 2. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы:
1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының қызметін ұйымдастыруға жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасарына, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының орынбасарына, Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасы
__________А. Жұмағали
Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы
__________Ж. Элиманов
Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры
__________Б. Асылов