О внесении изменений и дополнений в решение Кызылординского городского маслихата от 26 марта 2020 года №315-58/4 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в решение Кызылординского городского маслихата от 26 марта 2020 года №315-58/4 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»
- Атауы (қаз.)
- «Әлеуметтiк көмек көрсету, оның мөлшерлерiн белгiлеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындау Қағидаларын бекiту туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2020 жылғы 26 наурыздағы №315-58/4 шешiмiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 328-59/11
- Қабылданған күні
- 04.05.2020
- Көрсетілген редакция
- 05.08.2020 142815_476681.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.08.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20LA007422
- ЭКБ идентификаторы
- 142815
- Редакция идентификаторы
- 142815_476681
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 14:39
0 «Әлеуметтiк көмек көрсету, оның мөлшерлерiн белгiлеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындау Қағидаларын бекiту туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2020 жылғы 26 наурыздағы № 315-58/4 шешiмiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
«Құқықтық актiлер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы
6 сәуiрдегi Заңының 26-бабына сәйкес Қызылорда қалалық мәслихаты
ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. «Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындау Қағидаларын бекiту туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2020 жылғы 26 наурыздағы №315-58/4 (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде
7332 нөмірімен тiркелген, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiнде 2020 жылғы 04 сәуірде жарияланған) шешiмiне келесi өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
аталған шешiммен бекiтiлген Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындау Қағидаларында:
5-тармақтың 1) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерiне, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердiң екiншi рет некеге тұрмаған жесiрлерiне, екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердiң, геттолардың және басқа да ерiксiз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына – 500 000 теңге, қосымша 500 000 теңге мөлшерiнде бiржолғы төлем;»;
7-тармақ 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) «АИТВ - инфекция» диагнозы бар диспансерлік есепте тұрған балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне ай сайын тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасы заңында белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің екі еселенген мөлшерінен артық емес.».
2 2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
«КЕЛIСIЛДI»
«Қызылорда облысының
жұмыспен қамтуды үйлестiру және
әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы»
мемлекеттiк мекемесiмен