Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Катон-Карагайского районного маслихата от 26 октября 2021 года № 11/114-VIІ «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану в Катон-Карагайском районе»

Өзге акт · № 21/278-VII · қабылданған 04.10.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 30.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/26-2021-no-11114-vi-ekb-172716/on/2026-08-30/
Басып шығарылды 2026-08-30 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Катон-Карагайского районного маслихата от 26 октября 2021 года № 11/114-VIІ «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану в Катон-Карагайском районе» Қолданыста Өзге акт ·№ 21/278-VII ·04.10.2022
04.10.2022 редакциясы
30.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.10.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Катон-Карагайского районного маслихата от 26 октября 2021 года № 11/114-VIІ «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану в Катон-Карагайском районе»

Қолданыста Өзге акт ·№ 21/278-VII · 30.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Катон-Карагайского районного маслихата от 26 октября 2021 года № 11/114-VIІ «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану в Катон-Карагайском районе»
Атауы (қаз.)
Катонқарағай аудандық мәслихатының 2021 жылғы 26 қазандағы № 11/114-VІІ «Катонқарағай ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
21/278-VII
Қабылданған күні
04.10.2022
Көрсетілген редакция
04.10.2022 172716_596119.kaz
Соңғы өзгеріс
04.10.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V22VM030019
ЭКБ идентификаторы
172716
Редакция идентификаторы
172716_596119
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 23:37

0 Катонқарағай аудандық мәслихатының 2021 жылғы 26 қазандағы № 11/114-VІІ «Катонқарағай ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Катонқарағай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1

1. «Катонқарағай ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» Катонқарағай аудандық мәслихатының 2021 жылғы 26 қазандағы № 11/114-VІІ (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 25115 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Катонқарағай ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы»;
шешімнің 1-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
«1. Катонқарағай ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері осы шешімге 1-қосымшаға сәйкес айқындалсын.»;
шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Катонқарағай ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері

Катонқарағай аудандық мәслихаты
2022 жылғы 4 қазандағы
№ 21/278-VII шешіміне
қосымша
Катонқарағай аудандық мәслихатының
2021 жылғы 26 қазандағы
№ 11/114-VII шешіміне
1-қосымша
Катонқарағай ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері

1

1. Осы Катонқарағай ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 «Әлеуметтік – еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығымен бекітілген «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелген) мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (әрі қарай-шығындарды өтеу қағидалары) сәйкес әзірленді.

2

2. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу (бұдан әрі-оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу) мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқу фактісін растайтын оқу орынының анықтамасы негізінде «Катонқарағай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады.

3

3. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу (толық мемлекеттің қамтамасыз етуіндегі мүгедектігі бар балалардан және оларға қатысты ата-аналары ата-ана құқығынан айырылған мүгедектігі бар балалардан басқа) үйде оқытылатын кемтар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге заңды өкілдеріне отбасының табысына қарамастан беріледі.

4 4. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу психологиялық- медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысында белгіленген мерзім аяқталғанға дейін өтініш берген айдан бастап жүргізіледі.

5

5. Шығындарды өндіріп алуды тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар бар болғанда (мүгедектігі бар балалардың он сегіз жасқа толуы, мүгедектік мерзімінің аяқталуы, мүгедектігі бар баланың мемлекеттік мекемелерде оқып жатқан кезеңі, мүгедектігі бар баланың қайтыс болуы) төлемдер тиісті жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

6

6. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін қажетті құжаттар тізбесі шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес ұсынылады, бұл ретте жеке басын сәйкестендіру үшін қандастармен жеке басын куәландыратын құжаттың орнына қандас куәлігі ұсынылады.

7 7. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшері әр мүгедек балаға ай сайын төрт айлық есептік көрсеткішке тең.

8 8. Оқытуға жұмсаған өндіріп алудан бастарту негіздері шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасының тоғызыншы жолында көзделген.

Қолданыстағы