О внесении изменения в постановление акимата города Усть-Каменогорска от 26 ноября 2021 года № 4827 «Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования, лиц, освобожденных из мест лишения свободы, лиц, состоящих на учете службы пробации на 2022 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата города Усть-Каменогорска от 26 ноября 2021 года № 4827 «Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования, лиц, освобожденных из мест лишения свободы, лиц, состоящих на учете службы пробации на 2022 год
- Атауы (қаз.)
- Өскемен қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 26 қарашадағы № 4827 «2022 жылға ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 3187
- Қабылданған күні
- 20.09.2022
- Көрсетілген редакция
- 20.09.2022 172137_594029.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.09.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G22VA03187A
- ЭКБ идентификаторы
- 172137
- Редакция идентификаторы
- 172137_594029
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 23:57
0 Өскемен қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 26 қарашадағы № 4827
«2022 жылға ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Өскемен қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 26 қарашадағы № 4827 «2022 жылға ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 2-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2
2. «Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыға қол қойылған күннен бастап оның көшірмесін жиырма күнтізбелік күн ішінде мемлекеттік және орыс тілдерінде электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялау үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Өскемен қаласы әкімінің әлеуметтік сала мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 2022 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота
Өскемен қаласы әкімдігінің
2022 жылғы 20 қыркүйектегі
№ 3187 қаулысына
қосымша
Өскемен қаласы әкімдігінің
2021 жылғы 26 қарашадағы
№ 4827 қаулысына
2 қосымша
2022 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды,
пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру
үшін жұмыс орындарына квота
№
Ұйымдар атауы
Қызметкерлердің тізімдік саны (адам)
Квота мөлшері
(% қызметкерлердің тізімдік санынан )
Жұмыс орындар саны (бірлік)
1
«Железобетонный комбинат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша)
215
1
2
2
«КазтеплоСПЕЦСТРОЙ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша)
61
1
1
3
«УК ТРК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша)
220
1
2
4
«Комбинат нерудных материалов» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша)
186
1
2
5
«Эмиль» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша)
688
1
7
6
«Комфорт DIY» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша)
231
1
2
7
«Казтепломонтаж» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша)
63
1
1
8
«Кондитер+» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша)
272
1
3
9
«Мегастрой Өскемен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша)
145
1
2
10
Өскемен қаласы әкімдігінің «Өскемен Водоканал» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны
805
1
8
11
«Өскеменспецкоммунтранс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша)
165
1
2
12
«Өскемен жылу жүйелері» акционерлік қоғамы
709
1
7
13
«Өскемен конденсатор зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша)
224
1
2
14
Өскемен қаласы әкімдігінің «Таза Өскемен» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны
508
1
5
Барлығы
4492
1
46