Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата Сырдарьинского района от 26 сентября 2022 года № 274 «Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» финансируемых из местного бюджета Сырдарьинского района»

Қаулы · № 29 · қабылданған 21.02.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/26-2022-no-274/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата Сырдарьинского района от 26 сентября 2022 года № 274 «Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» финансируемых из местного бюджета Сырдарьинского района» Қолданыста Қаулы ·№ 29 ·21.02.2024
21.02.2024 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.02.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление акимата Сырдарьинского района от 26 сентября 2022 года № 274 «Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» финансируемых из местного бюджета Сырдарьинского района»

Қолданыста Қаулы ·№ 29 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата Сырдарьинского района от 26 сентября 2022 года № 274 «Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» финансируемых из местного бюджета Сырдарьинского района»
Атауы (қаз.)
«Сырдария ауданы жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» Сырдария ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 274 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
29
Қабылданған күні
21.02.2024
Көрсетілген редакция
21.02.2024 193912_686357.kaz
Соңғы өзгеріс
21.02.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G24LH00029A
ЭКБ идентификаторы
193912
Редакция идентификаторы
193912_686357
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 13:05

0 «Сырдария ауданы жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» Сырдария ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 274 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Сырдария ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Сырдария ауданы жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» Сырдария ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 274 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Сырдария ауданы жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесінде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау (бұдан әрі-бағалау) олардың жұмысының тиімділігі мен сапасын анықтау үшін персоналды басқару бойынша бірыңғай ақпараттық жүйе (бұдан әрі-ақпараттық жүйе) арқылы жүргізіледі. Бұл ретте техникалық мүмкіндік болмаған жағдайда бағалау қағаз тасымалдағышта немесе мемлекеттік органдарда жұмыс істейтін ақпараттық жүйелерде жүргізіледі.
Бағалау бағаланатын адамның санатына байланысты НМИ қол жеткізу нәтижелері, саралау және 360 әдістері нәтижелерінің негізінде жүргізіледі.
Автоматтандырылған бағалау жүйесі енгізілген мемлекеттік органдардың "Б" корпусы қызметшілерін бағалау осы мемлекеттік органдардың ішкі құжаттарында айқындалған ерекшеліктерді ескере отырып жүргізіледі.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Егер бағаланатын қызметшінің бағаланатын кезеңде нақты лауазымда болу мерзімі бір айдан кем болған жағдайда, оны бағалау жүргізілмейді. Егер бағаланатын қызметші бағалау жүргізу кезеңінде еңбек немесе әлеуметтік демалыста, еңбекке уақытша қабілетсіздігі кезеңінде, іссапарда, тағылымдамада, қайта даярлауда немесе біліктілігін арттыруда болған жағдайда қызметшіні НМИ қол жеткізу бойынша бағалау, саралау және/немесе 360 әдістері бойынша бағалау оның қатысуынсыз 4-тармақта белгіленген мерзімдерде жүргізіледі.»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Персоналды басқару қызметі бағаланатын қызметшіні бағалау нәтижелерімен ол аяқталған соң екі жұмыс күні ішінде таныстыруды қамтамасыз етеді.».

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау «Сырдария ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелсін.

3 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қолданыстағы