О внесении изменений и дополнения в постановление акимата города Аксу от 26 мая 2022 года № 387/3 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Отдел архитектуры и градостроительства города Аксу»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в постановление акимата города Аксу от 26 мая 2022 года № 387/3 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Отдел архитектуры и градостроительства города Аксу»
- Атауы (қаз.)
- Ақсу қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 26 мамырдағы «Ақсу қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» № 387/3 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 602/6
- Қабылданған күні
- 24.07.2023
- Көрсетілген редакция
- 24.07.2023 184474_644924.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.07.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G23PB06026A
- ЭКБ идентификаторы
- 184474
- Редакция идентификаторы
- 184474_644924
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 17:46
0 Ақсу қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 26 мамырдағы «Ақсу қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» № 387/3
қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Павлодар облысы Ақсу қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Ақсу қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 26 мамырдағы «Ақсу қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» № 387/3 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Ақсу қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесіндегі 9-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«9. «Ақсу қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140100, Ақсу қаласы, Пушкин көшесі, 72/1»;
13 тармақшасы 18 тармақтың мынадай редакцияда жазылсын:
«13) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес халыққа мынадай мемлекеттік қызметтер көрсету:
Құрылыс және реконструкциялау (қайта жоспарлау және қайта жабдықтау)жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну;
елді мекендерде құрылыс үшін жер учаскелерін беру;
ҚР Жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау бойынша анықтама беру;
эскизді (эскиздік жобаны)келісу;
объектілерді кейіннен кәдеге жарату (ғимараттар мен құрылыстарды бұзу)жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге шешім беру;
үлескерлердің ақшасын тартуға шешім беру;
«Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың есептік жазбасы туралы үзінді көшірме беру»;
18-тармақ мынадай мазмұндағы 18-2-тармақшамен толықтырылсын:
«18-2) үлескерлердің ақшасын заңсыз тарту фактілері анықталған кезде кінәлі адамдарға қатысты әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау. Өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстеріне сәйкес «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын бұзушылықтар анықталған кезде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қозғал».