Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 26 ноября 2022 года № 5 «О некоторых вопросах Высшей аудиторской палаты Республики Казахстан»

Жарлық · № 313 · қабылданған 31.08.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/26-2022-no-5/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 26 ноября 2022 года № 5 «О некоторых вопросах Высшей аудиторской палаты Республики Казахстан» Қолданыста Жарлық ·№ 313 ·31.08.2023
31.08.2023 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.08.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 26 ноября 2022 года № 5 «О некоторых вопросах Высшей аудиторской палаты Республики Казахстан»

Қолданыста Жарлық ·№ 313 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 26 ноября 2022 года № 5 «О некоторых вопросах Высшей аудиторской палаты Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 26 қарашадағы № 5 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Жарлық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
313
Қабылданған күні
31.08.2023
Көрсетілген редакция
31.08.2023 185673_653826.kaz
Соңғы өзгеріс
31.08.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
U2300000313
ЭКБ идентификаторы
185673
Редакция идентификаторы
185673_653826
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 17:02

0 Қазақстан Республикасының

Президенті мен Үкiметі актiлерiнiң
жинағында жариялануға тиiс
«Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің
2022 жылғы 26 қарашадағы № 5 Жарлығына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:

1 1. «Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 26 қарашадағы № 5 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы туралы ережеде:
13-тармақта:
1) тармақша мынадай мазмұндағы он жетінші, он сегізінші және он тоғызыншы абзацтармен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы Президентінің және оның Әкімшілігінің тапсырмасы бойынша, мемлекеттік органдардың, тексеру комиссияларының, жеке және заңды тұлғалардың жолданымдары бойынша, сондай-ақ құқық қорғау органдарының ақпараты бойынша жергілікті бюджеттің қаражатына аудит жүргізу.
Мемлекеттік органдардың, тексеру комиссияларының, жеке және заңды тұлғалардың жолданымдары бойынша, сондай-ақ құқық қорғау органдарының ақпараты бойынша жергілікті бюджеттің қаражатына аудит жүргізу туралы шешім кейіннен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігін хабардар ете отырып, Жоғары аудиторлық палатаның отырысында көпшілік дауыспен қабылданады;
заңды күшіне енген сот актілері бар аудит материалдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасы Президентінің және оның Әкімшілігінің тапсырмасы бойынша, сондай-ақ Жоғары аудиторлық палатаның шешімі бойынша мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары аудитінің қорытындыларын қайта қарау;»;
2) тармақшада:
он екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның заңмен қорғалатын құпияны қамтитын мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау материалдарын қоспағанда, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау материалдарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жөніндегі бірыңғай дерекқорға орналастыру;»;
мынадай мазмұндағы он үшінші абзацпен толықтырылсын:
«Жоғары аудиторлық палатаның жұмысы туралы ұсынылатын тоқсан сайынғы ақпарат шеңберінде Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары аудитінің қорытындыларына қайта қарауды жүргізу туралы хабарлау.»;
14-тармақта:
2) тармақшаның тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Президентінің келісімімен немесе оның тапсырмасы бойынша ғана Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі активтерінің пайдаланылуына, зейнетақы активтерінің сенімгерлік басқарылуына;»;
17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«17) тексеру комиссиялары, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган және ішкі аудит қызметтері жүргізген мемлекеттік аудит нәтижелерін тану үшін олардың мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарын сақтауына бақылау жүргізу;»;
20-тармақтың 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«12) тексеру комиссияларының, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның және ішкі аудит қызметтерінің мемлекеттік аудит нәтижелерін тану үшін олардың мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарын сақтауына бақылау жүргізуді ұйымдастырады;».

2 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы