О внесении изменений в решение Бурабайского районного маслихата от 26 декабря 2022 года № 7С-32/4 «Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по Бурабайскому району»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Бурабайского районного маслихата от 26 декабря 2022 года № 7С-32/4 «Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по Бурабайскому району»
- Атауы (қаз.)
- Бурабай аудандық мәслихатының 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 7С-32/4 «Бурабай ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін анықтау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 8С-9/1
- Қабылданған күні
- 20.10.2023
- Көрсетілген редакция
- 20.10.2023 187578_660432.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.10.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23BS863703
- ЭКБ идентификаторы
- 187578
- Редакция идентификаторы
- 187578_660432
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 16:14
0 Бурабай аудандық мәслихатының 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 7С-32/4 «Бурабай ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін анықтау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Бурабай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Бурабай аудандық мәслихатының «Бурабай ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін анықтау туралы» 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 7С-32/4 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31531 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
шешімнің тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша «санатының» сөзі тиісінше «санаттарының» сөзімен ауыстырылсын;
көрсетілген шешімнің 2-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Бурабай ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі
Бурабай аудандық мәслихатының
2023 жылғы 20 қазандағы
№ 8С-9/1 шешіміне
қосымша
Бурабай аудандық мәслихатының
2022 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 7С-32/4 шешіміне
2-қосымша
Бурабай ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі
№
Атауы
1
Мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар
2
«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар
3
Бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар
4
Кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады