О внесении изменений и дополнения в приказ и.о. Председателя Комитета водного хозяйства Министерства водных ресурсов и ирригации Республики Казахстан от 26 октября 2023 года № 1-НҚ «Об утверждении положений бассейновых инспекций по регулированию использования и охране водных ресурсов Комитета водного хозяйства Министерства водного ресурсов и ирригации Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в приказ и.о. Председателя Комитета водного хозяйства Министерства водных ресурсов и ирригации Республики Казахстан от 26 октября 2023 года № 1-НҚ «Об утверждении положений бассейновых инспекций по регулированию использования и охране водных ресурсов Комитета водного хозяйства Министерства водного ресурсов и ирригации Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасының Су ресурстары және иригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциялардың ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті төрағасының м.а. 2023 жылғы 26 қазандағы № 1-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 68-НҚ
- Қабылданған күні
- 18.03.2024
- Көрсетілген редакция
- 26.08.2024 194524_717840.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.08.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G24MA000068
- ЭКБ идентификаторы
- 194524
- Редакция идентификаторы
- 194524_717840
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 12:34
0 «Қазақстан Республикасының Су
ресурстары және иригация министрлігі
Су шаруашылығы комитетінің Су
ресурстарын пайдалануды реттеу және
қорғау жөніндегі бассейндік инспекциялардың
ережелерін бекіту туралы» Қазақстан
Республикасының Су ресурстары
және ирригация министрлігінің Су
шаруашылығы комитеті төрағасының м.а.
2023 жылғы 26 қазандағы № 1-НҚ бұйрығына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциялардың ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитеті төрағасының м. а. 2023 жылғы 26 қазандағы №1-НҚ бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген 1-қосымшадағы 1-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Инспекция) Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің (бұдан әрі - Комитет) өз құзыреті шегінде су қорын пайдалануды реттеу мен қорғау саласында іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын аумақтық органы болып табылады. Инспекцияның Түркістан облысында және Шымкент қаласында бөлімдері бар.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген 2-қосымшадағы 1 - тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің Су ресурстары жөніндегі комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Инспекция) Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің (бұдан әрі - Комитет) өз құзыреті шегінде су қорын пайдалануды реттеу мен қорғау саласында іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын аумақтық органы болып табылады, Алматы қаласының, Алматы облысының, Жетісу облысының аумағына, Жамбыл облысының ішінара Мойынқұм және Қордай аудандарына, Балқаш қаласы, Приозерск қаласы, Қарағанды облысының Ақтоғай және ішінара Қарқаралы және Шет аудандарына, сондай-ақ Абай облысының Үржар және Аягөз аудандары аумақтарына өкілдігі таратылады және қызметі жүзеге асырылады. Инспекцияның Жетысу облысында бөлімі бар.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 және 8-қосымшаларда:
19-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) Инспекцияны Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда ұсынуға;»;
19-тармақ мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда Инспекцияның мүдделерін білдіру үшін сенімхат беруге міндетті.».