Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра иностранных дел Республики Казахстан от 26 июня 2023 года № 11-1-4/327 «Об утверждении Правил организации «одного окна» для инвесторов, а также порядка взаимодействия при привлечении инвестиций»

Бұйрық · № 11-1-4/476 · қабылданған 07.08.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/26-2023-no-11-1-4327-ekb-213162/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра иностранных дел Республики Казахстан от 26 июня 2023 года № 11-1-4/327 «Об утверждении Правил организации «одного окна» для инвесторов, а также порядка взаимодействия при привлечении инвестиций» Қолданыста Бұйрық ·№ 11-1-4/476 ·07.08.2025
07.08.2025 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.08.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра иностранных дел Республики Казахстан от 26 июня 2023 года № 11-1-4/327 «Об утверждении Правил организации «одного окна» для инвесторов, а также порядка взаимодействия при привлечении инвестиций»

Қолданыста Бұйрық ·№ 11-1-4/476 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра иностранных дел Республики Казахстан от 26 июня 2023 года № 11-1-4/327 «Об утверждении Правил организации «одного окна» для инвесторов, а также порядка взаимодействия при привлечении инвестиций»
Атауы (қаз.)
«Инвесторлар үшін «бір терезені» ұйымдастыру қағидаларын, сондай-ақ инвестициялар тарту кезіндегі өзара іс-қимыл жасау тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2023 жылғы 26 маусымдағы № 11-1-4/327 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
11-1-4/476
Қабылданған күні
07.08.2025
Қолданысқа енгізілген күні
24.08.2025
Көрсетілген редакция
07.08.2025 213162_769690.kaz
Соңғы өзгеріс
07.08.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2500036597
ЭКБ идентификаторы
213162
Редакция идентификаторы
213162_769690
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 02:54

0 «Инвесторлар үшін «бір терезені» ұйымдастыру қағидаларын, сондай-ақ инвестициялар тарту кезіндегі өзара іс-қимыл жасау тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2023 жылғы 26 маусымдағы № 11-1-4/327 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Инвесторлар үшін «бір терезені» ұйымдастыру қағидалары, сондай-ақ инвестициялар тарту кезінде өзара іс-қимыл жасау тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2023 жылғы 26 маусымдағы №11-1-4/327 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №32910 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
осы бұйрықпен бекітілген Инвесторлар үшін «бір терезені» ұйымдастыру қағидаларында және инвестициялар тарту кезіндегі өзара іс-қимыл тәртібінде:
3-тармақта:
15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«15) инвестициялық жоба – инвестициялық жоба мемлекеттік - жекешелік әріптестік жобасын іске асыру барысында құрылған, кеңейтілген және (немесе) жаңартылған өндірістерді қоса алғанда, жаңа өндiрiстер құруға, жұмыс iстеп тұрғандарын кеңейтуге және (немесе) жаңартуға инвестицияларды, сондай-ақ аса маңызды объектілерге немесе жалпыелдік маңызы бар жобаларға бағытталған инвестицияларды көздейтiн iс-шаралар кешенi;»;
17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«17) инвестициялық жобалардың жалпыөңірлік пулы – өңірлік инвестициялық штабтың шешімімен бекітілген критерийлерге сәйкес болған жағдайда, құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын, жеке кәсіпкерлік субъектілері (отандық және шетелдік инвесторлар) бастамашылары болып табылатын, жергілікті атқарушы органдар қалыптастыратын, құны бір жүз елу мың есеге дейінгі айлық есептік көрсеткіштің экономиканың барлық салаларында іске асырылатын және пысықталатын инвестициялық жобалардың тізбесі;»;
26) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«26) Task Force – Ұлттық компанияның құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің кемiнде жетi жарым миллион еселенген мөлшерiндегi инвестицияларды қамтитын, сондай-ақ осы Қағидаларға 1-қосымшада белгіленген «жасыл дәліз» критерийлеріне сәйкес келетін инвестициялық жобалар пулын қалыптастыруға және сүйемелдеуге жауапты құрылымдық бөлiмшесi;»;
мынадай редакциядағы 27) тармақшамен толықтырылсын:
«27) өңірлік инвестициялық штаб - оңы әр өңірде қолданыстағы Инвестициялық штабқа ұқсас жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, инвестиция тарту жөніндегі ұлттық компанияның өңірлік өкілі, өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілі, арнайы экономикалық аймақ және индустриялық аймақ басқарушы компанияларының, прокуратура, салық органдары мен әлеуметтік - кәсіпкерлік корпорациясы өкілдерін қосып, өңір әкімінің басшылығы құрады. Өңірлік инвестициялық штабтың құзыретіне өңірлік инвестициялық жобаларға қатысты проблемалық мәселелерді қарау жатады.»;
3-тараудың 1-параграфы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-параграф. Инвестициялық жобалардың жалпыөңірлік пулын қалыптастыру тәртібі
25. Инвестициялық жобалардың жалпыөңірлік пулына республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын жүз елу мың еселенген айлық есептік көрсеткішке дейінгі көлемдегі, өңірлік инвестициялық штабтың шешімімен бекітілген критерийлерге сәйкес болған жағдайда инвестициялық жобалар енгізіледі.
26. Жергілікті атқарушы орган ҰЦИП ақпараттық жүйесінде жоба паспортын қалыптастырады. Паспорт қалыптастырылғаннан кейін инвестициялық жоба автоматты түрде инвестициялық жобалардың жалпыөңірлік пулына енгізіледі.
Инвестициялық жобалардың жалпыөңірлік пулынан жобаларды алып тастауды өңірлік инвестициялық штабтың оң шешімі болған жағдайда жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады.
27. Жалпыөңірлік пулдағы инвестициялық жобаларды «бір терезе» қағидаты бойынша сүйемелдеу жергілікті атқарушы орган мен өңірлік ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.».

2 2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарды:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«Келісілді»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«Келісілді»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«Келісілді»
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасы

Қолданыстағы