О внесении изменения в решение Жанибекского районного маслихата от 26 октября 2023 года № 11-3 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Жанибекского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение Жанибекского районного маслихата от 26 октября 2023 года № 11-3 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Жанибекского района»
- Атауы (қаз.)
- Жәнібек аудандық мәслихатының «Жәнібек ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 26 қазандағы № 11-3 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 21-2
- Қабылданған күні
- 10.06.2024
- Көрсетілген редакция
- 10.06.2024 197522_704585.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.06.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V24ZF739407
- ЭКБ идентификаторы
- 197522
- Редакция идентификаторы
- 197522_704585
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 11:10
0 Жәнібек аудандық мәслихатының «Жәнібек ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 26 қазандағы № 11-3 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Жәнібек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Жәнібек аудандық мәслихатының «Жәнібек ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 26 қазандағы №11-3 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7279-07 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Жәнібек ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
2 – тармақтың 1) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
1
«1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты «бір терезе» қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;».