О внесении изменения и дополнений в решение Абайского районного маслихата от 26 декабря 2023 года № 15/147 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Абайского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнений в решение Абайского районного маслихата от 26 декабря 2023 года № 15/147 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Абайского района»
- Атауы (қаз.)
- Абай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 15/147 «Абай ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 24/234
- Қабылданған күні
- 10.10.2024
- Көрсетілген редакция
- 10.10.2024 201583_723123.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.10.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V24KI667409
- ЭКБ идентификаторы
- 201583
- Редакция идентификаторы
- 201583_723123
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 09:15
0 Абай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 15/147 «Абай ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Абай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 15/147 «Абай ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6539-09 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешімімен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты «бір терезе» қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;»;
5-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) балаларды қорғау күні - 1 маусым;»;
7-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) балаларды қорғау күні - 1 маусым:
жетім балаларға -10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға – 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;»;
9-тармақ мынадай мазмұндағы 9-1) тармақпен толықтырылсын:
«9-1. Ардагерлерге санаторий-курорттық емделуге жұмсалған шығындарды өтеуге жылына 1 рет 14 күннен аспайтын, бірақ растайтын құжаттар (орындалған жұмыстар актісі, шот-фактура және фискалдық төлем чегі) негізінде мүгедектігі бар адамдар үшін белгіленген санаторий-курорттық емдеудің кепілдік берілген сомасынан аспайтын табысты есепке алмағанда әлеуметтік көмек көрсету.
Санаториялық-курорттық емделуге жеке абилитация және оңалту бағдарламасы әзірленген мүгедектігі бар ардагерлерге санаторий-курорттық емделуге әлеуметтік көмек төленбейді.».