Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка от 26 мая 2023 года № 27 «Об утверждении Правил заключения и типовой формы договора о пенсионном обеспечении за счет добровольных пенсионных взносов»

Қаулы · № 32 · қабылданған 20.08.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/26-2023-no-27/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка от 26 мая 2023 года № 27 «Об утверждении Правил заключения и типовой формы договора о пенсионном обеспечении за счет добровольных пенсионных взносов» Қолданыста Қаулы ·№ 32 ·20.08.2025
20.08.2025 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.08.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка от 26 мая 2023 года № 27 «Об утверждении Правил заключения и типовой формы договора о пенсионном обеспечении за счет добровольных пенсионных взносов»

Қолданыста Қаулы ·№ 32 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка от 26 мая 2023 года № 27 «Об утверждении Правил заключения и типовой формы договора о пенсионном обеспечении за счет добровольных пенсионных взносов»
Атауы (қаз.)
«Ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты жасасу қағидаларын және оның үлгілік нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 26 мамырдағы № 27 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
32
Қабылданған күні
20.08.2025
Қолданысқа енгізілген күні
31.08.2025
Көрсетілген редакция
20.08.2025 213674_776986.kaz
Соңғы өзгеріс
20.08.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2500036709
ЭКБ идентификаторы
213674
Редакция идентификаторы
213674_776986
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 02:42

0 «Ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты жасасу қағидаларын және оның үлгілік нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 26 мамырдағы № 27 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты жасасу қағидаларын және оның үлгілік нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 26 мамырдағы № 27 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32661 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі 41-бабының 1-тармағына және 45-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай реакцияда жазылсын:
«2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың үлгілік нысаны бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты жасасу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты жасасу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі (бұдан әрі – Әлеуметтік кодекс) 41-бабының 1-тармағына және 45-бабына сәйкес әзірленді және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты жасасу тәртібін айқындайды.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың үлгілік нысаны бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының интернет-ресурсында орналастырылады.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген ерікті зейнетақы жарналары есебінен Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың үлгілік нысанында (қосылу шарты):
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы қамсыздандыру туралы шарттың үлгілік нысаны»;
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Ерікті зейнетақы жарналары есебінен Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт (бұдан әрі – Шарт)_________ (бұдан әрі – Қор) және ерікті зейнетақы жарналарын салымшы (ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алушы) (бұдан әрі – Салымшы (Алушы)) Салымшыны Шарт талаптарына қосу арқылы жасалды және тараптардың құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін, сондай-ақ Қор мен Салымшы (Алушы) арасындағы құқықтық қатынастардың өзге де ерекшеліктерін белгілейді.»;
2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Шарт Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 389-бабының, Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің (бұдан әрі – Әлеуметтік кодекс), Қордың ішкі құжатымен бекітілген Қордың Зейнетақы қағидаларының (бұдан әрі – Қордың зейнетақы қағидалары) талаптарына сәйкес жасалатын қосылу шарты болып табылады.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Зейнетақы төлемдері Әлеуметтік кодекстің 223-бабына сәйкес жүргізіледі. Зейнетақы төлемдерін алу тәртібі Шартқа және Қордың зейнетақы қағидаларына сәйкес айқындалады.
Қордың интернет-ресурсында және Қордың филиалдарында көруге қолжетімді жерде орналастырылған Қордың ішкі құжатымен бекітілген тәртіппен Қор Әлеуметтік кодекстің 207-бабы 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа толған, ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтары бар және оларды төлеу үшін Қорға жүгінбеген адамдарға Қор Әлеуметтік кодекстің 223-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларда Салымшының (Алушының) өтінішінсіз зейнетақы төлемдерін жүзеге асырады.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Зейнетақы жинақтарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, бір ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан басқа ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, сондай-ақ сақтандыру ұйымына аудару тәртібі мен талаптары Әлеуметтік кодексте және Қордың зейнетақы қағидаларында айқындалған.».

2 2. Бағалы қағаздар нарығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

3 3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы 2025 жылғы 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі және міндетті жариялануға тиіс.

Қолданыстағы