О внесении изменения в постановление акимата Карагандинской области от 26 мая 2023 года № 34/01 «Об установлении тарифов на регулярные социально значимые автомобильные перевозки пассажиров в межрайонном (междугородном внутриобластном) сообщении по Карагандинской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата Карагандинской области от 26 мая 2023 года № 34/01 «Об установлении тарифов на регулярные социально значимые автомобильные перевозки пассажиров в межрайонном (междугородном внутриобластном) сообщении по Карагандинской области»
- Атауы (қаз.)
- Қарағанды облысы әкімдігінің 2023 жылғы 26 мамырдағы № 34/01 «Қарағанды облысы бойынша жолаушыларды ауданаралық (облысішілік қалааралық) қатынаста автомобильмен әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифтерін белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 25/01
- Қабылданған күні
- 19.04.2024
- Көрсетілген редакция
- 19.04.2024 195775_695737.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.04.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G24K002501A
- ЭКБ идентификаторы
- 195775
- Редакция идентификаторы
- 195775_695737
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 11:54
0 Қарағанды облысы әкімдігінің 2023 жылғы 26 мамырдағы №34/01 «Қарағанды облысы бойынша жолаушыларды ауданаралық (облысішілік қалааралық) қатынаста автомобильмен әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифтерін белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Қарағанды облысы әкімдігінің 2023 жылғы 26 мамырдағы №34/01 «Қарағанды облысы бойынша жолаушыларды ауданаралық (облысішілік қалааралық) қатынаста автомобильмен әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифтерін белгілеу туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6421-09 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Қарағанды облысы бойынша жолаушыларды ауданаралық (облысішілік қалааралық) қатынаста автомобильмен әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифтері қолма-қол төлеу кезінде келесі мөлшерде белгіленсін:
1) №100 «Қарағанды (14 ықшам аудан арқылы)-Теміртау» - 200 (екі жүз) теңге;
2) №107 «Қарағанды-Теміртау» - 200 (екі жүз) теңге;
3) №121 «Қарағанды-Шахтинск» - 200 (екі жүз) теңге;
4) №122 «Қарағанды-Топар» - 200 (екі жүз) теңге;
5) №127 «Қарағанды-Шахан» - 200 (екі жүз) теңге;
6) №146 «Қарағанды-Абай» - 200 (екі жүз) теңге;
7) №165 «Қарағанды-Саран» - 200 (екі жүз) теңге;
8) нұсқалған маршруттар бойынша Интернет желісі және ұялы байланыс құрылғыларын қоса алғанда, электрондық төлеу жүйесі арқылы жол ақысын қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде - 100 (жүз) теңге.»