Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ Министра науки и высшего образования Республики Казахстан от 26 июля 2023 года № 357 «Об утверждении размеров квоты приема при поступлении на учебу в организации образования, реализующие образовательные программы высшего образования»

Бұйрық · № 384 · қабылданған 31.07.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/26-2023-no-357-ekb-199330/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ Министра науки и высшего образования Республики Казахстан от 26 июля 2023 года № 357 «Об утверждении размеров квоты приема при поступлении на учебу в организации образования, реализующие образовательные программы высшего образования» Қолданыста Бұйрық ·№ 384 ·31.07.2024
31.07.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.07.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ Министра науки и высшего образования Республики Казахстан от 26 июля 2023 года № 357 «Об утверждении размеров квоты приема при поступлении на учебу в организации образования, реализующие образовательные программы высшего образования»

Қолданыста Бұйрық ·№ 384 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ Министра науки и высшего образования Республики Казахстан от 26 июля 2023 года № 357 «Об утверждении размеров квоты приема при поступлении на учебу в организации образования, реализующие образовательные программы высшего образования»
Атауы (қаз.)
«Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 26 шілдедегі № 357 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
384
Қабылданған күні
31.07.2024
Көрсетілген редакция
31.07.2024 199330_717281.kaz
Соңғы өзгеріс
31.07.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2400034847
ЭКБ идентификаторы
199330
Редакция идентификаторы
199330_717281
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 10:16

0 «Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 26 шілдедегі № 357 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 26 шілдедегі № 357 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33174 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Бекітілген мемлекеттік білім беру тапсырысынан жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшері бекітілсін:
1) бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, бала кезінен мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балалар арасынан шыққан азаматтар үшін – 2 пайыз;
2) басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер үшін – 0,2 пайыз;
3) ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын білім беру бағдарламалары бойынша оқуға ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар үшін – 35 пайыз;
4) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін – 4 пайыз;
5) жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары үшін – 1 пайыз;
6) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударған ауыл жастары арасынан шыққан Қазақстан Республикасының азаматтары үшін – 5 пайыз;
7) кәмелетке толмаған төрт және одан көп бала тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар үшін – 5 пайыз;
8) кемінде үш жыл толық емес отбасы мәртебесі бар отбасылардағы балалар үшін – 1 пайыз;
9) бала кезінен мүгедектігі бар балаларды, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар үшін – 2 пайыз;
10) әскерге шақыру бойынша мерзімді әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген Қазақстан Республикасының азаматтары үшін – 2,5 пайыз.».

2

2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ол ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының төртінші, бесінші, он екінші және он үшінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі

Қолданыстағы