О внесении изменения в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 26 июня 2023 года № 408 «Об утверждении перечня нормативных правовых актов, не подлежащих государственной регистрации в органах юстиции»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 26 июня 2023 года № 408 «Об утверждении перечня нормативных правовых актов, не подлежащих государственной регистрации в органах юстиции»
- Атауы (қаз.)
- «Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жатпайтын нормативтік құқықтық актілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 26 маусымдағы № 408 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 293
- Қабылданған күні
- 30.05.2025
- Көрсетілген редакция
- 30.05.2025 210923_759896.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.05.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2500036196
- ЭКБ идентификаторы
- 210923
- Редакция идентификаторы
- 210923_759896
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 04:07
0 «Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жатпайтын нормативтік құқықтық актілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 26 маусымдағы № 408 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жатпайтын нормативтік құқықтық актілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 26 маусымдағы № 408 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32893 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жатпайтын нормативтік құқықтық актілердің тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу департаменті осы бұйрықты заңнамада бекітілген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының әділет вице-министрлеріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
0 Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жатпайтын нормативтік құқықтық актілердің тізбесі
Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
2025 жылғы 30 мамырдағы
№ 293 Бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасының
Әділет министрінің
2023 жылғы 26 маусымдағы
№ 408 бұйрығымен
бекітілген
Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жатпайтын нормативтік құқықтық актілердің тізбесі
1 1. Мемлекеттік органдар мен олардың қарамағындағы ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, ұлттық операторлардың ведомствоішілік қызметін реттейтін және үшінші тұлғалардың мүдделерін қозғамайтын нормативтік құқықтық актілер.
2 2. Нормативтік техникалық құжаттарды бекіту туралы нормативтік құқықтық актілер.
3 3. Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын (бұдан әрі – ББС), сондай-ақ ББС-ға өзгерістер мен толықтырулар жасау және енгізу қағидаларын бекіту жөніндегі нормативтік құқықтық акт.
4
4. Бюджет түсімдерін бюджет деңгейлері, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма – қол ақшаны бақылау шоты, Жәбірленушілерге өтемақы қоры, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттері арасында бөлу кестесін бекіту жөніндегі нормативтік құқықтық акт.
5 5. Қазақстан Республикасында мемлекеттік жоспарлау жүйесін іске асыруда қабылданатын қағидаларды, әдістемелерді және өзге де құжаттарды бекіту жөніндегі нормативтік құқықтық актілер.
6 6. Қазақстан Республикасының Жоғары Соты Кеңесінің нормативтік құқықтық актілері.
7 7. Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы пилоттық жобаларды іске асыру туралы және Мемлекеттік қызметтер тізілімін бекіту жөніндегі нормативтік құқықтық актілер.
8
8. Квоталарды, лимиттерді, бағаларды, тарифтерді, тарифтік ставкаларды, нормаларды, нормативтерді, заттай нормаларды, өлшемдерді, сыйлықақыларды, стипендияларды, тізбелерді, көлемдерді оның ішінде олардың шекті не ең төменгі мәндерін бекіту (айқындау, белгілеу, бөлу) туралы нормативтік құқықтық актілер, сондай-ақ цифрлық, әріптік белгісі бар көрсеткіштерді және оларды қолдану тәртібін белгілейтін қосымша құқық нормаларын қамтымайтын нормативтік құқықтық актілер.
9
9. Мемлекеттік білім беру тапсырысын, студенттерді, магистранттар және докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты бекіту, бөлу және орналастыру, оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдерін, сондай-ақ орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдерін айқындау, заңнамада көзделген комиссиялардың үлгілік ережесін (ережесін) бекіту туралы нормативтік құқықтық актілер.
10
10. Кәсіптік стандарттарды және жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалықтарын, азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімдерін, басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын, басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын бекіту жөніндегі нормативтік құқықтық актілер.