Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в решение маслихата района Мақаншы от 26 ноября 2024 года № 14-89/VIII «Об утверждении правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»

Ереже · № 39-272/VIII · қабылданған 30.07.2026
Заңдық күші: Күшіне енбеген · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/26-2024-no-14-89viii-ekb-228449/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в решение маслихата района Мақаншы от 26 ноября 2024 года № 14-89/VIII «Об утверждении правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан» Күшіне енбеген 30.07.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений и дополнения в решение маслихата района Мақаншы от 26 ноября 2024 года № 14-89/VIII «Об утверждении правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»

Күшіне енбеген Ереже № 39-272/VIII 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в решение маслихата района Мақаншы от 26 ноября 2024 года № 14-89/VIII «Об утверждении правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»
Атауы (қаз.)
Мақаншы ауданы мәслихатының 2024 жылғы 26 қарашадағы № 14-89/VIII «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшіне енбеген
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
39-272/VIII
Қабылданған күні
30.07.2026
Қолданысқа енгізілген күні
15.08.2026
Көрсетілген редакция
30.07.2026 I228449_0.kaz
Соңғы өзгеріс
30.07.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G26FK39272M
ЭКБ идентификаторы
228449
Редакция идентификаторы
I228449_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 03:30
Акт күшіне енбеген. Қабылданған, бірақ әлі қолданысқа енгізілмеген. Қолданысқа енгізілу күні — 15.08.2026.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Мақаншы ауданы мәслихатының 2024 жылғы 26 қарашадағы № 14-89/VIII «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Мақаншы ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

1. Мақаншы ауданы мәслихатының «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2024 жылғы 26 қарашадағы № 14-89/VIII (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 389-18 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген қосымшада:
4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«4. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мезгіл-мезгіл (ай сайын, тоқсан сайын, жылына бір рет) көрсетіледі, өтініш берілген айдан бастап жүзеге асырылады.»;
7-тармақтың 6), 7), 8) тармақшалары алынып тасталынсын.
11-тармақтың 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«3) мұқтаждар санатына жатқызу негіздерінің болу фактісін растайтын төменде санамаланған құжаттардың бірі:
дүлей зілзала салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келу фактісін растайтын құжат;
өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келу фактісін растайтын құжат;
әлеуметтік мәні бар сырқатының болу фактісін растайтын құжат.»;
21-тармақ келесі редакцияда толықтырылсын:
«Әлеуметтік көмекті есептеу және көрсету кезінде тиынмен есептелген барлық сомалар тиын сомасына қарамастан, бір теңгеге дейін дөңгелектеледі.»;
22-тармақтың 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«3) алушы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарына тұруға жіберілгенде;»;
27-тармақта:
«29» деген цифрлар «27» деген цифрлармен ауыстырылсын;
28-тармақтың үшінші абзацы келесі редакцияда жазылсын:
«Айдың 27-і күнінен кейін түскен әлеуметтік көмек төлеуге сұраныс сомалары туралы өтінімдер бойынша ақшалай қаражатты әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган келесі айдың 1-і күнінен кейін мемлекеттік корпорацияға аударады.».

2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Абай облысының жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламаларды
үйлестіру басқармасының басшысы
________________А.Нұрлыбек
2026 жылғы «___»___________