О внесении изменений в решение Бухар-Жырауского районного маслихата от 26 июня 2024 года № 6 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Бухар-Жырауском районе»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Бухар-Жырауского районного маслихата от 26 июня 2024 года № 6 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Бухар-Жырауском районе»
- Атауы (қаз.)
- Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 маусымдағы № 6 «Бұқар жырау ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 9
- Қабылданған күні
- 25.09.2025
- Қолданысқа енгізілген күні
- 10.10.2025
- Көрсетілген редакция
- 25.09.2025 214784_776255.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.09.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V25KK036950
- ЭКБ идентификаторы
- 214784
- Редакция идентификаторы
- 214784_776255
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 02:00
0 Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 маусымдағы № 6 «Бұқар жырау ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Бұқар жырау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 маусымдағы № 6 «Бұқар жырау ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6619-09 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
шешімнің тақырыбы «Бұқар жырау ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидаларын айқындау туралы» жаңа редакцияда жазылсын;
1-қосымшадағы бөлімнің тақырыбы «Бұқар жырау ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидаларын» жаңа редакцияда жазылсын;
1- қосымшасының 5,7,9 – тармақтарын жаңа редакцияда жазылсын:
«5. Тұрғын үй көмегінің мөлшерін көрсетілетін қызметті беруші мынадай нормалар шегінде есептейді:
1) тұтынушылар үшін газбен жабдықтау жөніндегі коммуналдық қызметті тұтыну нормалары бір адамға он бес текше метрден аспайды;
2) табиғи монополиялар саласындағы қызметті реттейтін өңірлік уәкілетті орган белгілеген нормаларға сәйкес тұтынушы үшін электрмен жабдықтау қызметін тұтыну нормалары;
3) тұтынушы үшін сумен жабдықтау және (немесе) су бұру қызметтерінің нормалары:
бір адамға төрт текше метрден аспайтын суық су;
бір адамға екі текше метрден аспайтын ыстық су;
4) тұтынушыларға арналған жылумен жабдықтау қызметін тұтыну нормалары бір адамға айына нөл бүтін жиырма бес мың гигакалориядан аспайды;
5) қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және әкету (қоқыс шығару) бір адамға алты жүз елу теңгеден аспайды;
6) лифттерге қызмет көрсету бір пәтерге мың үш жүз теңгеден аспайды;
7) телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемді ұлғайту бөлігінде байланыс қызметтері бір абонент үшін мың үш жүз тоқсан тоғыз теңгеден аспайды;
8) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге бір шаршы метр үшін алпыс теңгеден аспайтын шығыстар;
9) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысы бір шаршы метр үшін жүз жиырма теңгеден аспайды;
10) бір адамға арналған шаршы нормасы бір адамға он сегіз шаршы метр пайдалы алаң, бірақ жалғыз тұратын адам үшін нақты алынатын алаң отыз шаршы метрден аспайды.»;
«7. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның сенiмхатқа, заңдарға, сот шешiмiне не әкiмшiлiк құжатқа негiзделген өкiлi) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға немесе «электрондық үкімет» веб-порталына тоқсанына бір рет жүгінуге құқылы.»;
«9. Мемлекеттік корпорациядан құжаттардың толық жиынтығын қабылдаған күннен бастап құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау не бас тарту туралы дәлелді жауап не «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы беру мерзімі 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.».