Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Председателя Агентства по защите и развитию конкуренции Республики Казахстан от 26 декабря 2024 года № 8 «О внесении изменения в приказ Председателя Агентства по защите и развитию конкуренции Республики Казахстан от 13 июня 2022 года № 15 «Об утверждении Правил равного доступа к ключевой мощности»

Бұйрық · № 2 · қабылданған 20.02.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/26-2024-no-8-13-2022-no-15/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Председателя Агентства по защите и развитию конкуренции Республики Казахстан от 26 декабря 2024 года № 8 «О внесении изменения в приказ Председателя Агентства по защите и развитию конкуренции Республики Казахстан от 13 июня 2022 года № 15 «Об утверждении Правил равного доступа к ключевой мощности» Қолданыста Бұйрық ·№ 2 ·20.02.2025
20.02.2025 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.02.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Председателя Агентства по защите и развитию конкуренции Республики Казахстан от 26 декабря 2024 года № 8 «О внесении изменения в приказ Председателя Агентства по защите и развитию конкуренции Республики Казахстан от 13 июня 2022 года № 15 «Об утверждении Правил равного доступа к ключевой мощности»

Қолданыста Бұйрық ·№ 2 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Председателя Агентства по защите и развитию конкуренции Республики Казахстан от 26 декабря 2024 года № 8 «О внесении изменения в приказ Председателя Агентства по защите и развитию конкуренции Республики Казахстан от 13 июня 2022 года № 15 «Об утверждении Правил равного доступа к ключевой мощности»
Атауы (қаз.)
«Негізгі қуатқа тең қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2022 жылғы 13 маусымдағы № 15 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 8 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
2
Қабылданған күні
20.02.2025
Көрсетілген редакция
20.02.2025 207283_745098.kaz
Соңғы өзгеріс
20.02.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2500035743
ЭКБ идентификаторы
207283
Редакция идентификаторы
207283_745098
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 06:02

0 «Негізгі қуатқа тең қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2022 жылғы 13 маусымдағы № 15 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 8 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Негізгі қуатқа тең қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2022 жылғы 13 маусымдағы № 15 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 8 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35536 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың қосымшасында:
26-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қағидалардың 33-тармағы 3) тармақшасының шеңберінде инвестициялық бағдарламаларды іске асыратын нарық субъектілерімен мұнай өнімдерін сатып алу-сату шартын жасасу жағдайларын қоспағанда, мұнай өнімдерін жеткізуші нарық субъектісімен жария шартқа сәйкес шарт жасасады.»;
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«27. Қағидалардың 33-тармағы 3) тармақшасының шеңберінде инвестициялық бағдарламаларды іске асыратын нарық субъектілерімен мұнай өнімдерін сатып алу-сату шартын жасасу жағдайларын қоспағанда, мұнай өнімдерін сатып алу-сату шарты бір айға дейінгі мерзімге қоса алғанда жасалады.»;
28-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақ Қағидалардың 33-тармағы 3) тармақшасы шеңберінде инвестициялық бағдарламаларды іске асыратын нарық субъектілерімен мұнай өнімдерін сатып алу-сату шарттарына қолданылмайды.»;
33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«33. Мұнай өнімдерін сатып алушылар арасында мұнай өнімдерінің көлемін бөлу тәртібі мынадай реттілікпен жүзеге асырылады:
бензин мен дизель отынын сату кезінде:
1) көктемгі егіс және егін жинау жұмыстары кезеңіндегі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері үшін мұнай өнімдерін жеткізушілеріне;
2) мұнай жеткізуші тұлғалар тобына кіретін бөлшек саудада стационарлық жанармай құю станциялары арқылы бөлшек саудада өткізу үшін нарық субъектілеріне, арнайы құқықтарды жүзеге асыру үшін қажетті көлемдері шегінде мұнай өнімдерін жеткізу жөніндегі бірыңғай операторға;
3) стационарлық жанар-жағармай құю станциялары арқылы бөлшек саудада өткізу үшін ең төменгі деңгейін монополияға қарсы органның келісімі бойынша мұнай берушілер белгілейтін көлемде мұнай өнімдерін сатып алатын нарық субъектілері;
акциз төленген бензиннен компаундтеу жолымен өндірілген бензанолды және отандық биоэтанолды саудада өткізу үшін мұнай өнімдерін сатып алатын немесе жол бойындағы сервисті дамытуға инвестицияларды көздейтін бағдарламаларды дербес немесе еншілес ұйымдары арқылы стационарлық жанармай құю станциялары арқылы бөлшек саудада сату үшін мұнай өнімдерін сатып алатын нарық субъектілеріне мынадай шарттарда:
бес жылдан аспайтын мерзімде жүзеге асырылатын инвестициялық бағдарламаны тиісті саланы реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органмен және монополияға қарсы органмен келісу;
есепті кезеңнен кейінгі айдан кешіктірмей мемлекеттік органдарға инвестициялық бағдарламаның іске асырылуы туралы ақпаратты жыл сайын ұсыну;
ақпаратты ұсынбаған немесе инвестициялық бағдарламаны орындамаған жағдайда мұнай өнімдерін сатып алу-сату шарттарын бұзу;
4) меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiзде мұнай өнiмдерiнiң базасын және/немесе мұнай өнiмдерiнiң базасында резервуары бар нарық субъектiлерi;
5) өзге де нарық субъектілері;
Авиациялық отын:
1) республикаішілік тасымалдардағы жолаушылар тасымалының көлеміне, мұнай өнімдерін жеткізу жөніндегі бірыңғай операторға, негізгі қызмет түріне байланысты өткізу көлемдеріне отандық авиакомпаниялар;
2) республикаішілік тасымалдардағы жүктерді тасымалдау көлемі бойынша отандық авиакомпаниялар;
3) мұнай өнімдерінің бөлшек дистрибьюторы;
4) мұнай өнімдерін көтерме жеткізуші;
5) басқа нарық субъектілері;».

2 2. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Отын-энергетика кешені департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Агенттіктің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Агенттік төрағасының орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Көлік министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі

Қолданыстағы