Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в приказ Заместителя Премьер-Министра – Министра иностранных дел Республики Казахстан от 26 февраля 2025 года № 11-1-4/104 «Об утверждении Правил формирования, ведения и использования реестра инвесторов»

Бұйрық · № 11-1-4/475 · қабылданған 07.08.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/26-2025-no-11-1-4104-ekb-213146/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в приказ Заместителя Премьер-Министра – Министра иностранных дел Республики Казахстан от 26 февраля 2025 года № 11-1-4/104 «Об утверждении Правил формирования, ведения и использования реестра инвесторов» Қолданыста Бұйрық ·№ 11-1-4/475 ·07.08.2025
07.08.2025 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.08.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в приказ Заместителя Премьер-Министра – Министра иностранных дел Республики Казахстан от 26 февраля 2025 года № 11-1-4/104 «Об утверждении Правил формирования, ведения и использования реестра инвесторов»

Қолданыста Бұйрық ·№ 11-1-4/475 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в приказ Заместителя Премьер-Министра – Министра иностранных дел Республики Казахстан от 26 февраля 2025 года № 11-1-4/104 «Об утверждении Правил формирования, ведения и использования реестра инвесторов»
Атауы (қаз.)
«Инвесторлар тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрінің 2025 жылғы 26 ақпандағы № 11-1-4/104 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
11-1-4/475
Қабылданған күні
07.08.2025
Қолданысқа енгізілген күні
22.08.2025
Көрсетілген редакция
07.08.2025 213146_771349.kaz
Соңғы өзгеріс
07.08.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2500036595
ЭКБ идентификаторы
213146
Редакция идентификаторы
213146_771349
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 02:54

0 «Инвесторлар тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер- Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрінің 2025 жылғы 26 ақпандағы № 11-1-4/104 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрінің 2025 жылғы 26 ақпандағы № 11-1-4/104 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35754 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

осы бұйрықпен бекітілген Инвесторлар тізілімін қалыптастыру, жүргізу мен пайдалану қағидаларында:
2-тармақта:
2) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) инвестициялық жобалардың жалпыөңірлік пулы – өңірлік инвестициялық штаб шешімімен бекітілген критерийлерге сәйкес болған жағдайда жергілікті атқарушы органдар қалыптастыратын құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің жүз елу мың еселенген мөлшеріне дейінгі, бастамашылары жеке кәсіпкерлік субъектілері (отандық және шетелдік инвесторлар) болып табылатын, экономиканың барлық салаларында іске асырылатын және пысықталатын инвестициялық жобалардың тізбесі;»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Инвесторлар тізілімін қалыптастыру және жүргізу ҰЦИП шеңберінде автоматты режимде инвестициялық жобалардың жалпыұлттық және жалпыөңірлік пулдарына енгізілген инвестициялық жобалар туралы деректер негізінде жүзеге асырылады.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Инвестициялық жобалардың жалпыұлттық және жалпыөңірлік пулдарын қалыптастыру 2023 жылғы 26 маусымдағы № 11-1-4/327 бұйрығымен бекітілген Инвесторлар үшін «бір терезені» ұйымдастыру қағидаларын, сондай-ақ инвестициялар тарту кезіндегі өзара іс-қимыл жасау тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32910 болып тіркелген).»;

2 2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарды:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«Келісілді»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«Келісілді»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«Келісілді»
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасы

Қолданыстағы