Құжат мәтініне өту

О внесении изменения и дополнений в совместный приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 26 марта 2025 года № 135-н/қ и Министра промышленности и строительства Республики Казахстан от 3 апреля 2025 года № 112 «Об утверждении Правил учета тепловой энергии и теплоносителя»

Бұйрық · № 346-н/қ · қабылданған 11.09.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/26-2025-no-135-3-2025-no-112-ekb-214645/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменения и дополнений в совместный приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 26 марта 2025 года № 135-н/қ и Министра промышленности и строительства Республики Казахстан от 3 апреля 2025 года № 112 «Об утверждении Правил учета тепловой энергии и теплоносителя» Қолданыста Бұйрық ·№ 346-н/қ ·11.09.2025
11.09.2025 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.09.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения и дополнений в совместный приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 26 марта 2025 года № 135-н/қ и Министра промышленности и строительства Республики Казахстан от 3 апреля 2025 года № 112 «Об утверждении Правил учета тепловой энергии и теплоносителя»

Қолданыста Бұйрық ·№ 346-н/қ · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения и дополнений в совместный приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 26 марта 2025 года № 135-н/қ и Министра промышленности и строительства Республики Казахстан от 3 апреля 2025 года № 112 «Об утверждении Правил учета тепловой энергии и теплоносителя»
Атауы (қаз.)
«Жылу энергиясы мен жылу жеткізгішті есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2025 жылғы 26 наурыздағы № 135-н/қ және Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 3 сәуірдегі № 112 бірлескен бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
346-н/қ
Қабылданған күні
11.09.2025
Қолданысқа енгізілген күні
07.10.2025
Көрсетілген редакция
11.09.2025 214645_775802.kaz
Соңғы өзгеріс
11.09.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2500036916
ЭКБ идентификаторы
214645
Редакция идентификаторы
214645_775802
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 02:22

0 «Жылу энергиясы мен жылу жеткізгішті есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2025 жылғы 26 наурыздағы № 135-н/қ және Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 3 сәуірдегі № 112 бірлескен бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар

енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫЗ:

1

1. «Жылу энергиясы мен жылу жеткізгішті есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2025 жылғы 26 наурыздағы № 135-н/қ және Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 3 сәуірдегі № 112 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35944 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жылу энергиясын және жылу жеткізгішті есепке алу қағидаларында:
2-тармақ:
мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
«13-1) жылу энергетикасы саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – жылу энергетикасы саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;»;
мынадай мазмұндағы 23-1) тармақшамен толықтырылсын:
«23-1) отын-энергетика кешенін басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі (бұдан әрі – уәкілетті органның ақпараттық жүйесі) – жылумен жабдықтау субъектілерінің уәкілетті органмен және өзге де мемлекеттік органдармен ақпараттық өзара іс-қимылы арқылы жылу энергетикасы саласындағы отын-энергетика кешенінің деректерін жинауға, өңдеуге, мониторингтеуге және талдауға арналған уәкілетті органның ақпараттық жүйесі;»;
6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«Жылу энергиясын есепке алу аспаптары деректерді уәкілетті органның ақпараттық жүйесіне одан әрі бере отырып, жылумен жабдықтау субъектісінің серверіне автоматты режимде көрсеткіштерді беру құрылғыларымен жобаланады және орнатылады.»;
мынадай мазмұндағы 5-тараумен толықтырылсын:
«5-тарау. Есептеу аспаптарымен жарақтандыру және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету тәртібі»;
мынадай мазмұндағы 51, 52, 53, 54 және 55 тармақшалармен толықтырылсын:
51. Есепке алу аспаптары жылу энергиясын өндіру, тасымалдау және өткізу процесіне қатысатын жылу энергетикасы объектілерінің технологиялық схемасына сәйкес орнатылады.
52. Аспаптарды салыстырып тексеру «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына сәйкес айналымға шығарылу алдында типі бекітілгеннен кейін, метрологиялық аттесттаудан және өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркелгеннен кейін, жөндеуден кейін, кейіннен кезеңділікпен пайдалану кезеңінде жүргізіледі.
53.  Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі тізілімінде тіркелген және Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнамасына сәйкес келетін есепке алатын бақылау аспаптары қолдануға рұқсат беріледі.
54. Жылу энергетикасы саласындағы отын-энергетика кешенінің субъектілері уәкілетті органның ақпараттық жүйесімен жылу энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің өздерінің аппараттық-бағдарламалық кешендеріне қол жеткізуді ұсынады және интеграциялайды.
55. Жылу энергиясын өндіру, тасымалдау және өткізу процесіне қатысатын субъектілерді ақпараттандыру объектілеріне қойылатын талаптар Заңның 21-1-бабының 2-тармағына сәйкес бекітілетін Отын-энергетика кешенін басқарудың бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйесін қалыптастыру, жүргізу және оның жұмыс істеуі қағидаларында айқындалады.».

3 3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Цифрландыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) осы бірлескен бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

5 5. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы