О внесении дополнений в решение 26 сессии Осакаровского районного маслихата от 25 декабря 2013 года № 262 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в решение 26 сессии Осакаровского районного маслихата от 25 декабря 2013 года № 262 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»
- Атауы (қаз.)
- Осакаров аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы 26 сессиясының № 262 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 178
- Қабылданған күні
- 08.02.2017
- Көрсетілген редакция
- 31.10.2023 110119_663405.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.10.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17KO004157
- ЭКБ идентификаторы
- 110119
- Редакция идентификаторы
- 110119_663405
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 06:14
0 Осакаров аудандық мәслихатының
2013 жылғы 25 желтоқсандағы
26 сессиясының № 262 «Әлеуметтік
көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін
белгілеудің және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының тізбесін
айқындаудың қағидаларын бекіту
туралы» шешіміне толықтырулар
енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Осакаров аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 262 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2523 болып тіркелген, 2014 жылғы 1 ақпандағы № 5 (7385) «Сельский труженик» газетінде, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылдың 6 ақпанында жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларының:
6 тармақ 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) 6 шілде –Астана күні;»;
6 тармақ 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) 16 желтоқсан –Тәуелсіздік күні.».
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік саясат бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін (Н.С.Кобжанов).
3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Осакаров ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің басшысы
А. Тулеуова
«08» ақпан 2017 жыл