Кіру
Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в решение 26 сессии Осакаровского районного маслихата от 25 декабря 2013 года № 262 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»

Ереже · № 368 · қабылданған 04.12.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/26-25-2013-no-262-ekb-117095/on/2026-09-15/
Басып шығарылды 2026-09-15 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в решение 26 сессии Осакаровского районного маслихата от 25 декабря 2013 года № 262 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан» Күшін жойған Ереже ·№ 368 ·04.12.2017
31.10.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.10.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в решение 26 сессии Осакаровского районного маслихата от 25 декабря 2013 года № 262 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»

Күшін жойған Ереже ·№ 368 · 15.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в решение 26 сессии Осакаровского районного маслихата от 25 декабря 2013 года № 262 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»
Атауы (қаз.)
Осакаров аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы 26 сессиясының № 262 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
368
Қабылданған күні
04.12.2017
Көрсетілген редакция
31.10.2023 117095_663413.kaz
Соңғы өзгеріс
31.10.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17KO004494
ЭКБ идентификаторы
117095
Редакция идентификаторы
117095_663413
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 03:02

0 Осакаров аудандық мәслихатының

2013 жылғы 25 желтоқсандағы
26 сессиясының № 262 «Әлеуметтік
көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін
белгілеудің және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының тізбесін
айқындаудың қағидаларын бекіту туралы»
шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы»  қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1.Осакаров аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 262 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың  қағидаларын бекіту туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2523 болып тіркелген, 2014 жылғы 1 ақпандағы № 5 (7385) «Сельский труженик» газетінде, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 6 ақпанда жарияланған), келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
10 тармақтың төртінші абзацы келесі редакцияда мазмұндалсын:
«жергілікті өкілді орган ең төменгі күнкөріс деңгейіне бір еселік қатынаста белгілейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы негіздеме болып табылады.»;
келесі мазмұндағы 25-1 тармақпен толықтырылсын:
«25-1. Белгіленген негіздемелердің біреуі бойынша әлеуметтік көмек күнтізбелік бір жыл ішінде қайта көрсетілмейді.»;
17-1, 26-1, 26-2, 26-3, 26-4 тармақтары алынып тасталсын;
31 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«Әлеуметтік көмек көрсету мониторингін және есепке алуды уәкілетті орган «E-собес» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.».

2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік саясат бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін (Бережной В.В).

3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
Осакаров ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің басшысы
А.Тулеуова
2017 жылғы «4» желтоқсан

Қолданыстағы