О внесении изменений в решение 26 сессии Осакаровского районного маслихата от 25 декабря 2013 года № 262 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение 26 сессии Осакаровского районного маслихата от 25 декабря 2013 года № 262 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»
- Атауы (қаз.)
- Осакаров аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы 26 сессиясының № 262 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 791
- Қабылданған күні
- 30.12.2019
- Көрсетілген редакция
- 31.10.2023 138675_663409.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.10.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19KO005683
- ЭКБ идентификаторы
- 138675
- Редакция идентификаторы
- 138675_663409
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 16:51
0 Осакаров аудандық мәслихатының
2013 жылғы 25 желтоқсандағы 26 сессиясының №262
«Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін
белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген
санаттарының тізбесін айқындаудың
қағидаларын бекіту туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Осакаров аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы 26 сессиясының №262 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2523 болып тіркелген, 2014 жылғы 1 ақпандағы №5 (7385) «Сельский труженик» газетінде, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылдың 6 ақпанында жарияланған), келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген, Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
6 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«6. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы және мереке күндерінің тізбесі:
1) 15 ақпан – Кеңес әскерлері шектелген контингентінің Ауғаныстан Демократиялық Республикасынан шығарылған күні;
2) 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі;
3) 9 мамыр – Жеңіс күні;
4) 6 шілде – Астана күні;
5) 29 тамыз – Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күні;
6) 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні;
7) 1 қазан – Қарттар күні;
8) 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні.»;
16-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын.