О внесении изменения в решение 26 сессии Осакаровского районного маслихата от 25 декабря 2013 года № 262 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение 26 сессии Осакаровского районного маслихата от 25 декабря 2013 года № 262 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»
- Атауы (қаз.)
- Осакаров аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы 26 сессиясының № 262 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 473
- Қабылданған күні
- 24.06.2015
- Көрсетілген редакция
- 31.10.2023 91439_663379.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.10.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15KO003315
- ЭКБ идентификаторы
- 91439
- Редакция идентификаторы
- 91439_663379
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 14:26
0 Осакаров аудандық мәслихатының
2013 жылғы 25 желтоқсандағы 26
сессиясының № 262 «Әлеуметтік
көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін
белгілеудің және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының тізбесін
айқындаудың қағидаларын бекіту туралы»
шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына және Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің Орынбасары Б. М. Сапарбаевтың тапсырмасына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Осакаров аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 262 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2523 болып тіркелген, 2014 жылғы 1 ақпандағы № 5 (7385) «Сельский труженик» газетінде, «Әділет» ақпараттық – құқықтық жүйесінде 2014 жылдың 6 ақпанында жарияланған), келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларың 10 -тармағының төртінші абзацы келесі редакцияда мазмұндалсын:
«ең төменгі күнкөріс деңгейіне 0,6 еселік қатынаста шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы негіздеме болып табылады.».
2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Осакаров ауданының жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің
басшысы А.Тулеуова