Кіру
Құжат мәтініне өту

О мерах по реализации постановления Верховного Совета Республики Казахстан от 27 декабря 1994 г. N 269 "О введении в действие Гражданского кодекса Республики Казахстан (общая часть)"

Қаулы · № 564 · қабылданған 26.04.1995
Заңдық күші: Қолданыста · 17.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-1994-n-269/on/2026-09-17/
Басып шығарылды 2026-09-17 · adilet.kz
О мерах по реализации постановления Верховного Совета Республики Казахстан от 27 декабря 1994 г. N 269 "О введении в действие Гражданского кодекса Республики Казахстан (общая часть)" Қолданыста Қаулы ·№ 564 ·26.04.1995
26.04.1995 редакциясы
17.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.04.1995. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О мерах по реализации постановления Верховного Совета Республики Казахстан от 27 декабря 1994 г. N 269 "О введении в действие Гражданского кодекса Республики Казахстан (общая часть)"

Қолданыста Қаулы ·№ 564 · 17.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О мерах по реализации постановления Верховного Совета Республики Казахстан от 27 декабря 1994 г. N 269 "О введении в действие Гражданского кодекса Республики Казахстан (общая часть)"
Атауы (қаз.)
"Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiн (жалпы бөлiмi) күшiне енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң 1994 жылғы 27 желтоқсандағы N 269 қаулысын жүзеге асыру жөнiндегi шаралары туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
564
Қабылданған күні
26.04.1995
Көрсетілген редакция
26.04.1995 AI82307_0.kaz
Соңғы өзгеріс
26.04.1995
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P950000564_
ЭКБ идентификаторы
82307
Редакция идентификаторы
AI82307_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 02:35

0 "Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiн (жалпы бөлiмi) күшiне енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң 1994 жылғы 27 желтоқсандағы N 269 қаулысын жүзеге асыру жөнiндегi шаралары туралы

"Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiн (жалпы бөлiм) күшiне енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң 1994 жылғы 27 желтоқсандағы N 269 P940269_ қаулысын орындауды қамтамасыз ету мақсатымен Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:

1. Заңды тұлғаларды тiркеу Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу туралы" 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2198 Z952198_ Заң күшi бар Жарлығында айқындалған ережелер мен тәртiп бойынша жүргiзiледi деп белгiленсiн.

2. Заңды тұлғаларды 1996 жылғы 1 қаңтарға дейiн қайта тiркеу мен олардың кейiннен де тiркелу жұмыстарын ұйымдастыру үшiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Кеден комитетiнiң жергiлiктi кеден органдарының штаттық санын 380 адамға қысқарта отырып, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң орталық аппаратының шектi саны 8 адамға және жергiлiктi әдiлет органдарында 372 адамға арттырылсын.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгiне заңды тұлғаларды тiркеу жөнiндегi жаңа құрылып жатқан құрылымдық бөлiмшелердi ұстауға қажеттi қаражатты бөлсiн.

3. Заңды тұлғаларды тiркеудi және олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн тiркеуге алуды жүзеге асырушы Қазақстан Республикасының министрлiктерi, мемлекеттiк комитеттерi, ведомстволары мен олардың органдары, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдары 1995 жылдың 1 тамызына дейiн Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң органдарына тiркеу материалдарын тапсырсын.
Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу 1995 жылдың 1 тамызынан бастап әдiлет органдарында ғана жүзеге асырылуға тиiс деп белгiленсiн.

4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi министрлiктермен, мемлекеттiк комитеттермен, ведомстволармен және жергiлiктi атқарушы органдарымен бiрлесе отырып бiр ай мерзiм iшiнде заңды тұлғаларды тiркеудi және олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн тiркеуге алуды жүзеге асыратын құрылымдық бөлiмшелерiн тарату, олардағы қызметкерлердiң штаттық санының қысқарту жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн.

5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерiмен келiсе отырып, заңды тұлғаларды тiркеу жөнiндегi қызметiн жүзеге асыру үшiн әдiлет басқармаларын (бөлiмдерiн) қосымша қызмет үйлерiмен қамтамасыз ететiн болсын.

6. "Салықтар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 24 сәуiрдегi N 2235 Z952235_ Заң күшi бар Жарлығы күшiне енгiзiлген күннен бастап, заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеуге алғаны үшiн заңды тұлғаның жиырма жалақы көлемiнде, қайта тiркеу мен тiркелгенi туралы куәлiктiң көшiрмесiн бергенi үшiн - негiзгi еңбек ақының 50 процентi мөлшерiнде алым алынады деп белгiленсiн.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң (жалпы бөлiм) нормаларымен сәйкестендiруге байланысты оларды тiркеу мен қайта тiркеу кезiнде заңды тұлғалар тiркеу алымын төлеуден босатылады.

7. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi:

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң заң шығару бастамашылығы жоспарына сәйкес "Мемлекеттiк кәсiпорындар туралы", "Жылжымайтын мүлiктi иелену құқығын олармен мәмiле жасауды тiркеу туралы", "Жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы", "Өндiрiстiк кооператив туралы" Қазақстан Республикасы заңдарының жобаларын;
1995 жылдың 1 қыркүйегiне дейiн "Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiн (жалпы бөлiм) қабылдауға байланысты Қазақстан Республикасы заң актiлерiне өзгертулер мен олардың күшi жойылған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын;
1995 жылдың 1 тамызына дейiн "Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiн (жалпы бөлiм) қабылдауға байланысты Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулылары мен өкiмдерiне өзгертулер және олардың күшi жойылған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысының жобасын әзiрлеп, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне ұсынсын.

8. Қазақстан Республикасының министрлiктерi, мемлекеттiк комитеттерi мен ведомстволары, сондай-ақ жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдары өздерi қабылдаған құқықтық актiлердi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiмен (жалпы бөлiм) сәйкес келтiретiн болсын.

Қолданыстағы