О внесении изменения и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 27 мая 1996 года N 646
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 27 мая 1996 года N 646
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 27 мамырдағы N 646 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1458
- Қабылданған күні
- 30.11.1996
- Көрсетілген редакция
- 26.05.1998 AI2789_1.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.05.1998
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P960001458_
- ЭКБ идентификаторы
- 2789
- Редакция идентификаторы
- AI2789_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 02:15
0 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 27 мамырдағы N 646 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
📌 Ескерту. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1998 жылғы 27 мамырдағы N 484 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
"Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдаланушылармен контрактiлер жасау және оны орындау жөнiндегi Құзыреттi органы туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 27 мамырдағы N 646 қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
2-тармақта:
үшiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"мұнай операцияларын жүргiзу бойынша - Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгi, ал бiрлескен кәсiпорындар құру кезiнде - Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгiнiң келiсiмiмен";
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Табиғи ресурстарды өндiретiн кәсiпорындарды, олардың салалық тиесiлiгiне қарамастан жекешелендiру немесе мүлiктiк жалдау (концессия) жағдайында - Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi";
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
"Кәсiпорындарды жекешелендiруге әзiрлеудi және инвесторлармен
осы процеске қатысты келiссөздер жасауды тиiстi салалық министрлiктер
жүзеге асырады деп белгiленсiн";
5-тармақ 6-тармақ деп саналсын.