Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 27 декабря 1996 года № 1644

Қаулы · № 873 · қабылданған 02.09.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-1996-no-1644/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 27 декабря 1996 года № 1644 Күшін жойған Қаулы ·№ 873 ·02.09.2010
20.10.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.10.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 27 декабря 1996 года № 1644

Күшін жойған Қаулы ·№ 873 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 27 декабря 1996 года № 1644
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 27 желтоқсандағы № 1644 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
873
Қабылданған күні
02.09.2010
Көрсетілген редакция
20.10.2011 AI54257_2.kaz
Соңғы өзгеріс
20.10.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P100000873_
ЭКБ идентификаторы
54257
Редакция идентификаторы
AI54257_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 07:27

1 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 27 желтоқсандағы № 1644 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының қызмет өткеруі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 27 желтоқсандағы № 1644 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының қызмет өткеруі туралы ереже мынадай мазмұндағы 101-1, 101-2, 101-3-тармақтармен толықтырылсын:
«101-1. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлері ішкі істер органдарының алдына қойылған міндеттерді орындауды қамтамасыз ету мақсатында ішкі істер органдарының кадрларында қалдырыла отырып, Қазақстан Республикасы мүше болып табылатын халықаралық ұйымдарға (бұдан әрі - халықаралық ұйымдар) қызметке жіберілуі мүмкін.
101-2. Егер ратификацияланған тиісті халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе, ішкі істер органдарының қызметкерлерін халықаралық ұйымдарға қызметке жіберу Қазақстан Республикасының Үкіметі актісінің негізінде жүзеге асырылады.
Қызметке жіберілген адамдардың ішкі істер органдарының қызметкерлері мәртебесі сақталады.
Егер ратификацияланған тиісті халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе, қызметке жіберілген адамдарға арнаулы атақтар беру осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
Халықаралық ұйымдарға қызметке жіберілген адамдарды аттестаттау осы Ережеде ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
101-3. Егер ратификацияланған тиісті халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе, халықаралық ұйымдарға қызметке жіберілген адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қаражат есебінен халықаралық ұйымдар қызметкерлерінің тиісті санаттары үшін белгіленген жалақы төленеді.
Өзге де төлемдер, сондай-ақ қызметке жіберілген адамдарды заттай мүлікпен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарын ұстауға көзделген қаражат есебінен жүзеге асырылады. Бұл ретте бір жолғы сипаттағы төлемдер бойынша қызметке жіберілгенге дейін атқарған соңғы лауазымы бойынша лауазымдық жалақылары есепке алынады.
Қызметке жіберілген адамдарды зейнетақымен қамсыздандыру Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.».

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы