Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановления Правительства Республики Казахстан от 27 июня 1997 года N 1031 и от 30 июня 1997 года N 1037

Қаулы · № 1351 · қабылданған 29.12.1998
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-1997-n-1031-30-1997-n-1037-ekb-2085/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановления Правительства Республики Казахстан от 27 июня 1997 года N 1031 и от 30 июня 1997 года N 1037 Күшін жойған Қаулы ·№ 1351 ·29.12.1998
12.06.2008 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.06.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановления Правительства Республики Казахстан от 27 июня 1997 года N 1031 и от 30 июня 1997 года N 1037

Күшін жойған Қаулы ·№ 1351 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановления Правительства Республики Казахстан от 27 июня 1997 года N 1031 и от 30 июня 1997 года N 1037
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 27 маусымдағы N 1031 және 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1351
Қабылданған күні
29.12.1998
Көрсетілген редакция
12.06.2008 AI2085_2.kaz
Соңғы өзгеріс
12.06.2008
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P980001351_
ЭКБ идентификаторы
2085
Редакция идентификаторы
AI2085_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 01:23

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 27 маусымдағы N 1031 және 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

📌 Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008.06.12.
N 578 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мынадай шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1 1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасында этил спирті мен арақ импортын лицензиялау туралы" 1997 жылғы 27 маусымдағы N 1031 P971031_ қаулысына (Қазақстан Республикасы Үкіметінің ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 29, 263-құжат):

тақырыбындағы, мәтініндегі "арақ", "арақты", "арақтың" деген сөздер "алкогольді өнімдер (сырадан басқа)" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта:
бірінші абзацтағы "сатудың" деген сөз "өндірудің" деген сөзбен ауыстырылсын;
екінші абзацтағы "Қаржы министрлігі" деген сөздер "Мемлекеттік кіріс министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында этил спирті мен арақтың импортын лицензиялаудың тәртібі туралы ережеде:
тақырыбындағы, мәтініндегі "арақтың" деген сөз "алкогольді өнімнің (сырадан басқа)" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың екінші абзацындағы "Экономика және сауда министрлігі" деген сөздер "Мемлекеттік кіріс министрлігінің Алкогольді өнімді өндіру мен олардың айналымына мемлекеттік бақылау жасау жөніндегі комитеті" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтың бірінші абзацында:
в)-тармақшасының үшінші абзацындағы "(патент)" деген сөз алынып тасталсын;
д)-тармақшасындағы "өндірісіне" деген сөзден кейін "немесе этил спиртін сақтауға және сатуға" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы ж)-тармақшасымен толықтырылсын:
"ж) алкогольді өнімнің импорты кезінде алкогольді өнімді (сырадан басқа) сақтауға және көтерме сатуға арналған лицензиясы.";
екінші абзацтағы "в", "д"-тармақшаларындағы" деген сөздерден кейін "ж" әрпімен толықтырылсын;
5-тармақтың екінші абзацындағы "кешікпей" деген сөзден кейін "ал
шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін - он күндік мерзімнен кешікпей" деген
сөздермен толықтырылсын;

2 2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасында

тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспорты мен импортын
лицензиялау туралы" 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 P971037_ қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 29, 266-құжат):
2,3,4-тармақтардағы "арақтардың" деген сөз "алкогольді өнімдердің
(сырадан басқа)" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулыға 5-қосымшада:
"Этил спирті 220710000, 220720000, 220890910, 220890990" және "Арақ
220860110, 220860190, 220860910, 220860990" деген жолдар алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
"Шарап 2204, 2205, 2206
Этил спирті 2207
Толық бабына келтірілмеген, спиртінің көлемі 80 об.%-тен төмен этил
спирті; спиртті тұнбалар, ликерлер және басқа да спиртті ішімдіктер 2208".

2 2. Осы қаулы 1999 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді және

жариялануға жатады.

Қолданыстағы