Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О ходе реализации Указа Президента Республики Казахстан от 27 апреля 1998 г. № 3928 «О защите прав граждан и юридических лиц на свободу предпринимательской деятельности»

Жарлық · № 56 · қабылданған 30.03.1999
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-1998-no-3928/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О ходе реализации Указа Президента Республики Казахстан от 27 апреля 1998 г. № 3928 «О защите прав граждан и юридических лиц на свободу предпринимательской деятельности» Күшін жойған 30.03.1999 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О ходе реализации Указа Президента Республики Казахстан от 27 апреля 1998 г. № 3928 «О защите прав граждан и юридических лиц на свободу предпринимательской деятельности»

Күшін жойған Жарлық № 56 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О ходе реализации Указа Президента Республики Казахстан от 27 апреля 1998 г. № 3928 «О защите прав граждан и юридических лиц на свободу предпринимательской деятельности»
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Президентінің «Азаматтар мен заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметтеріндегі еркіндік құқын қорғау туралы» 27.04.98 ж. № 3928 Жарлығын іске асыру барысы туралы
Акт түрі
Жарлық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
56
Қабылданған күні
30.03.1999
Көрсетілген редакция
30.03.1999 4204_253523.kaz
Соңғы өзгеріс
30.03.1999
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V99S000080_
ЭКБ идентификаторы
4204
Редакция идентификаторы
4204_253523
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 01:16
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.03.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Қазақстан Республикасы Президентінің «Азаматтар мен заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметтеріндегі еркіндік құқын қорғау туралы» 27.04.98 ж. № 3928 Жарлығын іске асыру барысы туралы

📌 Ескерту.
Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 04.12.2000 № 228 шешімімен
Қазақстан Республикасы Президентінің «Азаматтар мен заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметтеріндегі еркіндік құқын қорғау туралы» 27.04.98 ж. № 3928 Жарлығына сәйкес, халықты жұмыспен қамтамасыз ету, облыстағы импортты алмастыратын өндірісті дамытудың 1999 жылғы Шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамытудың бағдарламасы әзірленді.
Бағдарлама үш басымдылық бағыттағы іс-шаралардың 75 тармағын орындауды көздейді:
- шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдауға құқықтық жағдайлар тугызу;
- шағын кәсіпкерлікке ондірістік, иновациялық және қаржылық қолдау қөрсету;
- рыноктік инфрақұрылымдарды дамыту, кадрлармен қамтамасыз ету, кәсіпкерлік қозғалысты насихаттау.
Облыста 1999 жылдың 1 қаңтарында 5907 заңды тұлға тіркелді, олардың ішінде 3491-і жұмыс істеп келеді, 1998 жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда олардың саны сәйкес түрде 754 және 605 құрылымға көбейді.
Салық комитетінде 7254 жеке кәсіпкер есепте түр.
1 қаңтардағы жағдай бойынша 4324 шаруа қожалығы жұмыс істеді бір жылда олардың саны 168 -ге көбейді.
Шағын кәсіпкерлікпен айналысатындардың саны 1998 жылдың басында 51 болса, осы күні олардың саны 65,2 мыңға жетіп, облыстың экономикалық белсенді тұрғындарының 12 пайызын құрады.
Шағын кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі әкімдер қызметінің жылдық рейтингтік қорытындысы бойынша Көкшетау (Набитовский В.Д.), Петропавловск (Ходеев П.Ф.) қалалары мен Қызылжар ауданы (Дмитриенко П.Г.) жақсы көрсеткіштерге қол жеткізді. Бүл ретте, Еңбекшілдер және Есіл аудандарының әкімдері ең нашар көрсеткіштер байқатты.
Басымдылық берілген өндірістерді дамыту үшін жергілікті бюджеттің қаржысы есебінен шағын кәсіпкерлік субьектілеріне жеңілдікпен кредит беру көзделген.
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан кәсіпкерлерінің Форумы Кеңесінің отырысында (1998 жыл 11 қараша, хаттама № и-301) берген тапсырмасына сәйкес және бақылау - тексеру органдарының лауазымды тұлғалары тарапынан шағын кәсіпкерлік субьектілеріне негізсіз тексерулерді болдырмау үшін шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау жөніндегі басқарма кәсіпкерлер Форумымен бірлесе отырып, тексерістерді есепке алу журналын басып шығарды.
Шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамытудың облыстық бағдарламасымен облыс кәсіпкерлерінің өндірістің барлық салаларындағы өнімдерін демонстрациялайтын ақпараттық - көрме орталығын құру көзделген.
Осылармен қатар, негізгі қарыз алушылардың басымы, әсіресе, шағын кредит алушылар кәсіпкерлік ісін ұйымдастыру жүргізу мәселелрінде нашар хабарланған.
Ақылы қызмет көрсететін мемлекеттік органдардың қызметтерін тексеру бірқатар мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 9.07.98 ж. № 651 қаулысымен бекітілген Ережелерді басшылыққа алмайтынының бетін ашты.
Жасырын бизнес те елеулі проблема болып түр. Қолданылып жүрген заңдардың талаптарын орындап жүрген кәсіпкерлер, көп ретте мемлекеттік тіркеу мен салық төлеуден қашып жүргендерден тиімсіз жағдайда қалып жүр.
Жоғарыда баяндалғандарға сүйене келіп, ШЕШІМ қабылдаймын:

1. Шагын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау жөніндегі облыстық басқарманың бастығы Н.Е. Қабиевтің ақпараты еске алынсын.

Облыс әкімінің орынбасарларына, облыстық басқару органдарының басшыларына, қалалар мен аудан әкімдеріне, 1999 жылғы шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамытудың облыстық бағдарламасының шаралары аясындағы Қазақстан Республикасы Президентінің «Азаматтар мен заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметтердегі еркіндік құқықтарын қорғау туралы» 1998 жылғы 27 сәуірдегі № 3928 Жарлығын бұлжытпай орындауды камтамасыз етсін.

2. Облыс әкімінің бірінші орынбасарларына (Вербняк А.Ф., Қалиев Қ.Қ.), облыс әкімінің орынбасарларына (Сұлтанов Е.Х., Никандров Ф.П.) бір ай мерзімінде Шучинск - Бурабай курорттық аймағын дамыту бағдарламасын дайындасын.

3. Облыстық департаменттер мен басқармаларға, қалалар мен аудан әкімдеріне кәсіпкерлерге бюджеттік қаржы есебінен өндіріс саласындағы бизнес - жоспар дайындауға жәрдемдессін.

4. Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау жөніндегі облыстық департаментке (Шнитко И.Е), облыстық жұмыспен қамтамасыз ету орталығына (Потуданская Н.Ф.), облыстық ауыл шаруашылық департаментіне (Синюкаев Р.А.), қалалар мен аудан әкімдеріне, микронесие алу үшін оқулар ұйымдастырсын.

5. Облыстық әділет басқармасы (Мақашев З.М.), облыстық прокуратура (Лескевич И.Т.), (келісім бойынша), облыстық салық комитеті (Ашуов К.З.) кәсіпкерлерді қабылдау күнін айқындасын. Кәсіпкерлерді қабылдау кестесін БАҚ-да жарияласын.

6. Облыстық прокуратура (келісім бойынша), тұтынушылардың құқын корғау жөніндегі облыстық қоғамдардың қызметтерін, сондай-ақ мемлекеттік органдардың шағын кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі заңдылықтарды орындауларын тексерсін.

7. Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі облыстық комитет ( Пономорев О.Е.) ақылы қызмет көрсететін мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметтерін тексерсін.

8. Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау жөніндегі облыстық басқарма бір ай мерзімінде облыс әкімі жанынан шағын кәсіпкерлікті дамытудың қоғамдық -сараптау кеңесін құру жөнінде ұсыныс енгізсін.

9. Облыстық сәулет бөлімі (Дворников Ю.Я.) бұқаралық ақпарат құралдарында облыстың қалалары мен аудандарында жаңа дүңгіршектер мен сауда алаңдарын және жанар-жағар май қүю стансаларын орналастырудың жоспарын жарияласын.

10. Қалалар мен аудан әкімдеріне, шағын кәсіпкерлік субьектілерінің бақылаушы - тексеруші органдарының тексерістерін есепке алу журналын ендіруге және оны қолдануға жәрдем көрсетілсін, қалалар мен аудан әкімдері мемлекеттік тіркеусіз кәсіпкерлік қызметтерді жүзеге асыратын тұлғаларды анықтау жөнінде жұмыстар жүргізсін, аймақтық ақпараттық-көрме орталығын құруға қатыссын.

11. Шағын кәсіпкерлік субьектілеріне ақылы қызмет көрсететін мемлекеттік кәсіпорындар, мекемелер, мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 9.07.98 ж. № 651 қаулысымен бекітілген Ереженің орындалуын қамтамасыз етсін.

12. Бұқаралық ақпарат құралдары (Моор И.И., Мұстафин Б.М., Мұсырманов К.Н.) шағын кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі облыстық басқарма әзірлеген кестеге сәйкес шағын кәсіпкерлікті дамыту мәселелерін көрсету жөніндегі жұмыстарды жалғастырсын.

13. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары А.Ф.Вербнякқа жүктелсін.