О внесении дополнения в Указ Президента Республики Казахстан от 27 сентября 1999 года N 217
Күшін жойған
Жарлық
·№ 1503
·
11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнения в Указ Президента Республики Казахстан от 27 сентября 1999 года N 217
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 27 қыркүйектегі N 217 Жарлығына толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Жарлық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1503
- Қабылданған күні
- 15.12.2004
- Көрсетілген редакция
- 25.04.2016 AI22170_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.04.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- U040001503_
- ЭКБ идентификаторы
- 22170
- Редакция идентификаторы
- AI22170_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 19:23
0 Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 27 қыркүйектегі N 217 Жарлығына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының консулдық мекемелерін құру, қайта құру және олардың қызметтерін тоқтату тәртібін реттеу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1 1. Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 27 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасының Консулдық жарғысын бекіту туралы" N 217 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 47, 430-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Консулдық жарғысы:
мынадай мазмұндағы 3-1-баппен толықтырылсын:
"3-1 бап. Консулдық мекемелер:
1) бас консулдықтар - Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының;
2) консулдықтар, вице-консулдықтар және консулдық агенттіктер - Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының;
3) консулдық бөлімдер - Сыртқы істер министрі бұйрықтарының негізінде құрылады, қайта құрылады және өз қызметтерін тоқтатады.".