О внесении изменения и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 27 мая 1999 года N 657
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 27 мая 1999 года N 657
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 657 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 968
- Қабылданған күні
- 12.07.1999
- Көрсетілген редакция
- 29.11.1999 AI3479_1.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.11.1999
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P990000968_
- ЭКБ идентификаторы
- 3479
- Редакция идентификаторы
- AI3479_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 01:02
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 657 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
"Қазақстан Республикасындағы жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы жөніндегі жоспарланған шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге орталықтандырылған басшылықты қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 657 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) Жұмылдыру дайындығы және мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі комитет;";
2) аталған қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі туралы ережеде:
10-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) жұмылдыру дайындығы саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру;";
11-тармақ мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын:
"15-1) жұмылдыру дайындығы жөніндегі жоспарланған шараларды
ұйымдастыруға және жүргізуге орталықтандырылған басшылық;".
2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда
министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы
Үкіметінің бұрын қабылданған актілерін осы қаулыға сәйкес келтіру
туралы ұсыныстар енгізсін.