О внесении изменений и дополнений в постановления Правительства Республики Казахстан от 27 мая 1999 года № 659 «О передаче прав по владению и пользованию государственными пакетами акций и государственными долями в организациях, находящихся в республиканской собственности» и от 19 августа 2022 года № 581 «Некоторые вопросы Министерства просвещения Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановления Правительства Республики Казахстан от 27 мая 1999 года № 659 «О передаче прав по владению и пользованию государственными пакетами акций и государственными долями в организациях, находящихся в республиканской собственности» и от 19 августа 2022 года № 581 «Некоторые вопросы Министерства просвещения Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 және «Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің кейбір мәселелері» туралы 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 370
- Қабылданған күні
- 13.05.2024
- Көрсетілген редакция
- 13.05.2024 196623_699337.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.05.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2400000370
- ЭКБ идентификаторы
- 196623
- Редакция идентификаторы
- 196623_699337
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 11:35
0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 және «Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің кейбір мәселелері» туралы 2022 жылғы 19 тамыздағы
№ 581 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіне» деген бөлімде реттік нөмірі 405-5-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«405-5. «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамы.»;
2) «Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі туралы ережеде:
15-тармақта:
мынадай мазмұндағы 18-1) тармақшамен толықтырылсын:
«18-1) балаларды алты жастан бастап тестілік немесе конкурстық рәсімдерді қолданбай қабылдау тәртібін айқындау;»;
мынадай мазмұндағы 34-1) тармақшамен толықтырылсын:
«34-1) педагогтерді мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарға, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымдарына жұмысқа қабылдауды жүзеге асыру үшін білім беру саласындағы ақпараттандыру объектісін айқындау;»;
мынадай мазмұндағы 46-1) тармақшамен толықтырылсын:
«46-1) білім беру ұйымдарының ішкі тәртібінің үлгілік қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
66) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«66) педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 133-1) тармақшамен толықтырылсын:
«133-1) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 235-37) тармақшамен толықтырылсын:
«235-37) мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдардың, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басқару, әкімшілік және көмекші персоналының штат санын және штат кестесін өзгерту тәртібін айқындау;»;
Министрліктің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамы.».