О внесении изменений и дополнения в постановления Правительства Республики Казахстан от 27 мая 1999 года № 663 "Об упорядочении эксплуатации служебных автомобилей для транспортного обслуживания государственных органов Республики Казахстан" и от 24 февраля 2000 года № 288 "Об упорядочении эксплуатации специальных транспортных средств для обслуживания государственных учреждений, финансируемых из республиканского бюджета"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в постановления Правительства Республики Казахстан от 27 мая 1999 года № 663 "Об упорядочении эксплуатации служебных автомобилей для транспортного обслуживания государственных органов Республики Казахстан" и от 24 февраля 2000 года № 288 "Об упорядочении эксплуатации специальных транспортных средств для обслуживания государственных учреждений, финансируемых из республиканского бюджета"
- Атауы (қаз.)
- "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарына көлiк қызметiн көрсету үшiн қызметтiк автомобильдердi пайдалануды ретке келтiру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 663 және "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелерге қызмет көрсетуге арналған арнайы көлiк құралдарын пайдалануды реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 24 ақпандағы № 288 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1458
- Қабылданған күні
- 19.11.2012
- Көрсетілген редакция
- 28.12.2016 AI68611_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.12.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1200001458
- ЭКБ идентификаторы
- 68611
- Редакция идентификаторы
- AI68611_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 00:52
0
"Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарына көлiк қызметiн көрсету үшiн қызметтiк автомобильдердi пайдалануды ретке келтiру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 663 және "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелерге қызмет көрсетуге арналған арнайы көлiк құралдарын пайдалануды реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 24 ақпандағы № 288 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1 1) "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарына көлiк қызметiн көрсету үшiн қызметтiк автомобильдердi пайдалануды ретке келтiру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 663 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 23-24, 228-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарына көлiк қызметiн көрсету үшiн қызметтiк автомобильдердiң тиiстiлiк нормативiнде:
реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
2
Президент Әкімшілігі
Президент Әкiмшiлiгiнiң Басшысы
1
2600
Президенттiң көмекшiсi-Қауiпсiз дiк Кеңесiнiң хатшысы
1
2600
Президенттiң көмекшiсi
1
2600
Жоғарғы Сот Кеңесiнiң Төрағасы
1
2000
Президент Әкiмшiлiгi Басшысының орынбасары
1
2000
Президент Кеңсесiнiң бастығы
1
2600
Президенттiң Баспасөз хатшысы
1
2600
Президенттiң Протокол бастығы
1
2600
Президенттiң Парламенттегi өкiлдiгiнiң басшысы
1
2000
Астана қаласында көлiктiк қызмет көрсету
16*********
1*********
2600
Алматы қаласында
1*********
6*********
2600
Қонақтарға арналған
25
***
";
мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:
"********* Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің "Қазақстан Республикасы Президентінің Мұражайы" үшін - 2 бiрлiк, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Мұрағаты" мемлекеттік мекемелері үшін - 2 бiрлiк";
2 2) "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсетуге арналған арнайы көлiк құралдарын пайдалануды реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 ақпандағы № 288 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсетуге арналған арнайы көлiк құралдарының тиесілілік табелінде:
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі" деген бөлімнің "Автомобильдердің шекті саны" деген кестесіндегі "Астана қаласы бойынша 10" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Астана қаласы бойынша 11".