Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 27 ноября 2000 года N 644 "О введении новых образцов водительского удостоверения и свидетельства о регистрации транспортного средства"»

Бұйрық · № 639 · қабылданған 17.11.2005
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2000-n-644/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 27 ноября 2000 года N 644 "О введении новых образцов водительского удостоверения и свидетельства о регистрации транспортного средства"» Күшін жойған Бұйрық ·№ 639 ·17.11.2005
08.12.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.12.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 27 ноября 2000 года N 644 "О введении новых образцов водительского удостоверения и свидетельства о регистрации транспортного средства"»

Күшін жойған Бұйрық ·№ 639 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 27 ноября 2000 года N 644 "О введении новых образцов водительского удостоверения и свидетельства о регистрации транспортного средства"»
Атауы (қаз.)
"Жүргізуші куәлігінің және көлік құралын тіркеу туралы куәліктің жаңа үлгілерін енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2000 жылғы 27 қарашадағы N 644 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
639
Қабылданған күні
17.11.2005
Көрсетілген редакция
08.12.2014 AI25855_2.kaz
Соңғы өзгеріс
08.12.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V050003934_
ЭКБ идентификаторы
25855
Редакция идентификаторы
AI25855_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 18:13

0 "Жүргізуші куәлігінің және көлік құралын тіркеу туралы куәліктің жаңа үлгілерін енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2000 жылғы 27 қарашадағы N 644 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

"Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы N 607 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі туралы ереженің 12-тармағын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

1

1. "Жүргізуші куәлігінің және көлік құралын тіркеу туралы куәліктің жаңа үлгілерін енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2000 жылғы 27 қарашадағы N 644 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1322 болып тіркелген, N 3099 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2004 жылғы 8 қыркүйектегі N 521 бұйрығымен өзгерістер енгізілген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасының аумағында:
1) көлік құралдарын басқару құқығының куәлік үлгісі (жүргізу куәлігі) (N 1 қосымша) қолданысқа енгізілсін.
2005 жылғы 10 желтоқсанға дейін берілген жүргізуші куәліктері олардың жарамдылық мерзімі аяқталғанға дейін көлік құралдарын басқару құқығын растайды деп белгіленсін;
2) Қазақстан Республикасының көлік құралын тіркеу туралы куәлік үлгісі (N 2 қосымша) қолданысқа енгізілсін.";
N 1 қосымша осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы департаменті осы бұйрықтан туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы департаментіне (Ө.Т.Түсімов) жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық 2005 жылғы 10 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

1 Жүргізуші куәлігінің үлгісі

"Жүргізуші куәлігінің жаңа үлгілері мен
көлік құралын тіркеу туралы куәлікті
енгізу туралы" Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің 2000 жылғы
27 қарашадағы N 644 бұйрығына
өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан
Республикасы Ішкі істер министрінің
2005 жылғы 17 қарашадағы N 639
бұйрығына қосымша
"Жүргізуші куәлігінің жаңа үлгілері
мен көлік құралын тіркеу туралы
куәлікті енгізу туралы" Қазақстан
Республикасы Ішкі істер министрінің
2000 жылғы 27 қарашадағы N 644 бұйрығына
N 1 қосымша
Жүргізуші куәлігінің үлгісі
Жүргізуші куәлігі мынадай көрінетін элементтерден тұрады:

1 1) жүргізуші және жүргізуші куәлігі туралы мәліметтер;

2 2) иесінің фотосуреті және қолы;

3 3) жол полициясы емтихан қабылдау бөлімшесінің мөрі;

4 4) интегралдық микросхема;

5 5) түс бетінде орналасқан мәліметтер сипаттамасы.

Интегралдық микросхема мынадай мәліметтерді құрайды:
жүргізуші куәлігі туралы:
сериясы мен нөмірі;
берілген күні;
емтихан қабылдау бөлімшесі мөрінің нөмірі;
жүргізуші туралы:
тегі, аты, әкесінің аты;
туған күні және жері;
тұрғылықты жері;
салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН);
жеке басын куәландыратын құжаттың түрі, сериясы, нөмірі және
берілген күні;
фотосуреті;
көлік құралын жүргізу рұқсаты туралы:
рұқсат етілген санаттар;
жүргізуші куәлігінің жарамды болу мерзімінің аяқталуы;
айрықша белгілер;
әкімшілік құқық бұзушылық туралы:
құқық бұзушылық жасаудың түрі және күні;
әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың сериясы мен
нөмірі;
әкімшілік жазаның түрі;
жүргізуші бір жыл ішінде жасаған құқық бұзушылықтардың саны;
жүргізуші мас күйінде жасаған құқық бұзушылықтардың саны;
төленбеген айыппұлдар саны.

Қолданыстағы