О внесении изменений в решение областного маслихата Южно-Казахстанской области от 27 июня 2001 года № 11/127-ІІ «Об установлении границ оценочных зон и поправочных коэффициентов, применяемых к базовым ставкам платы за земельные участки в городах областного значения Южно-Казахстанской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение областного маслихата Южно-Казахстанской области от 27 июня 2001 года № 11/127-ІІ «Об установлении границ оценочных зон и поправочных коэффициентов, применяемых к базовым ставкам платы за земельные участки в городах областного значения Южно-Казахстанской области»
- Атауы (қаз.)
- Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2001 жылғы 27 маусымдағы № 11/127-ІІ «Оңтүстік Қазақстан облысының облыстық маңызы бар қалаларында бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкасына қолданылатын түзету коэффициенттерін белгілеу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 13/138-VII
- Қабылданған күні
- 10.12.2021
- Көрсетілген редакция
- 10.12.2021 161816_551189.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.12.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21U0025822
- ЭКБ идентификаторы
- 161816
- Редакция идентификаторы
- 161816_551189
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 05:09
0
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2001 жылғы 27 маусымдағы № 11/127-ІІ «Оңтүстік Қазақстан облысының облыстық маңызы бар қалаларында бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкасына қолданылатын түзету коэффициенттерін белгілеу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының «Оңтүстік Қазақстан облысының облыстық маңызы бар қалаларында бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкасына қолданылатын түзету коэффициенттерін белгілеу туралы» 2001 жылғы 27 маусымдағы № 11/127-ІІ (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 326 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің:
тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Түркістан облысының облыстық маңызы бар қалаларында бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкасына қолданылатын түзету коэффициенттерін белгілеу туралы»;
1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
1 «1. Түркістан облысының облыстық маңызы бар қалаларында бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициентері 1 және 2-қосымшаларға сәйкес бекітілсін.»;
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген шешімнің 2-қосымшасы осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2 2. «Түркістан облыстық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1 1) осы шешімді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Түркістан облыстық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
7 Түркістан облысының облыстық маңызы бар қалаларында бағалау аймақтарының шекаралары
Түркістан облыстық мәслихаты
2021 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 13/138-VII Шешімге 1-қосымша
Оңтүстік Қазақстан облыстық
мәслихатының 2001 жылғы
27 маусымдағы №11/127-ІІ
шешіміне 1-қосымша
Түркістан облысының облыстық маңызы бар қалаларында бағалау аймақтарының шекаралары
Түркістан қаласы бойынша:
1-ші аймақ: «Қазақ темір жолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны, «Алтын-дән» акционерлік қоғамы аумақтарында, Абылайхан көшесі, депоның мұнай қоймасы, Тәуке-хан даңғылы, Университет қалашығының құрылысына бөлінген жер орналасқан жер учаскелері;
2-ші аймақ: И.Юлдашев, Төлеби көшелері, Ш.Ниязов, Абылайхан көшелері, Тауке-хан даңғылы мен автобаза аумағында орналасқан жер учаскелері;
3-ші аймақ: Ерубаев, Әбубәкір Төлеби, Кенесары, С.Қожанов, Төреқұлов, Уәлиханов, Б.Байтасов көшелері, Тауке хан даңғылы, Автобаза аумағы, №20 және №21 кварталда орналасқан жер учаскелері;
4-ші аймақ: С.Қожанов, Т.Бокин, Н.Төреқұлов, Әбдірахманов, Әл-Фараби, Хакназар хан, Тастақ, Әйтеке-би, Байбұл ата, Қазыбек-би, Еділбаев, Жансүгіров, Абылайхан көшелері, Тәукехан даңғылы Есімхан алаңы, Арыс-Түркістан каналы орналасқан жер учаскелері, Университет қалашығының жерлері, қаланы айналмалы жолы орналасқан жер учаскелері;
5-ші аймақ: Түркістан-Кентау темір жолы маңайы, Қ.Спатаев, С.Ерубаев, Әбдірахманов, С.Қожанов, Хақназар хан, Л.Толстой, Әл-Фараби, Әйтеке-би, Тастақ, Қазыбек-би, Ғ.Мұратбаев, М.Жалил, Ж.Едилбайев, І.Жансүгіров көшелерінде орналасқан жер учаскелері;
6-шы аймақ: Жарылқапов, Т.Нышанов, С.Ерубаев, Кенесары, Әбубәкір қажы, Ы.Алтынсарин, Төле би, Абылай хан, Н.Төреқұлов көшелері, Тәуке хан даңғылында орналасқан жер учаскелері, «Қазақ темір жолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының және «Алтын дән» акционерлік қоғамының жерлері орналасқан жер учаскелері;
7-ші аймақ: депо мұнай қоймасы аумағы, Абылай хан, Ибрахим ата, Ж.Қыдыров, Төле би, И.Юлдашев, С.Ерубаев, Б.Майлин, Т.Рысқұлов көшелері және Түркістан-Кентау темір жолы мен «Қазақ темір жолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны маңында орналасқан жер учаскелері;
8-ші аймақ: «Қазақ темір жолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны аумағында, Т. Жароков көшесі, «Тұрғын үй-91» айдарымен қала салуға бөлінген жерлер орналасқан жер учаскелері;
9-шы аймақ: Т. Жароков, С.Луганский көшелері және «Қазақстан темір жолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының орналасқан жер учаскелері.
Арыс қаласы бойынша:
1-ші аймақ: Орталық базар маңында, Салықбаев, Майлықожа, Қазыбек би көшелерінде орналасқан жер учаскелері;
2-ші аймақ: Төлеби, Салықбаев, Қазыбек би, Әділбек би, Тәжібаев көшелерінде және Қабылсай жырасына дейін орналасқан жер учаскелері;
3-ші аймақ: Ахымбеков, Әл-Фараби көшелеріндегі және С.Қожанов атындағы орта мектептің маңында және қалаға кіре берістегі жолда орналасқан жер учаскелері;
4-ші аймақ: Стадион, Қалау датқа шағын аудандары, Шпал зауыты, М.Мақатаев, О.Әзизаев көшелері және балалар үйі маңында орналасқан жер учаскелері;
5-ші аймақ: Арыс-Шымкент бағытындағы темір жолдан Әл-Фараби көшесімен Қабылсай жырасына дейін және Тәжібаев, Төлеби көшелерімен Арыс-Ташкент бағытындағы темір жолға дейінгі орналасқан жер учаскелері;
6-шы аймақ: Самал, Алатау батыр шағын аудандары, Арыс-Шымкент автокөлік трассасы, саяжай учаскелері маңында орналасқан, Арыс өзені бойымен Ордабасы ауданының Бөржар ауылдық округінің шекарасына дейін орналасқан жер учаскелері;
7-ші аймақ: Қалаға жақын орналасқан және Көктем шағын ауданымен, әскери бөлімімен, «Сараптау-аграрлық компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жерлерімен, Көктем-2 шағын ауданымен, Арыс-Шымкент темір жолының бойындағы жерлермен, әскери бөлімімен, Наурыз шағын ауданымен, Задария ауылдық округінің жерлерімен, теміржол көпіріне дейінгі жерлермен, Шымкент-Шардара айналма жолымен, Арыс-Шардара автокөлік жолымен, Отырар шағын ауданымен, Арыс-Шардара автокөлік жолымен, Задария мемлекеттік (ботаникалық) қаумалымен, «Клиника-Ақниет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жерлерімен, Талдықұдық шағын ауданымен, Арыс-Монтайтас автокөлік жолымен, Ташкент-Арыс темір жолы бойындағы жерлермен, «Умай-Маркет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің, «Комбинат-Заря» мемлекеттік кәсіпорнының жерлерімен, Оңтүстік, Стадион шағын аудандарымен, Арыс-Ташкент темір жолымен, Ордабасы ауданының Бөржар ауылдық округінің жерлерімен, қалалық зиратпен, Қабылсай жырасымен, мал базарымен және К.Омаров көшесімен шектесетін жер учаскелері.
Кентау қаласы бойынша:
1-ші аймақ: Абай, Д.Қонаев даңғылдары, Ы.Алтынсарин көшесінде орналасқан жер учаскелері;
2-ші аймақ: Б.Момышұлы, Төлеби, Абылайхан көшелері, Горняк даңғылында орналасқан жер учаскелері;
3-ші аймақ: А.Яссави, И.Панфилов, Логунов, Төле би, Жамбыл, А.Пушкин, Т.Тохтаров, Әл-Фараби көшелерінде орналасқан жер учаскелері;
4-ші аймақ: Құралбаев, Әл-Фараби, Төле би, Ы.Алтынсарин, Жамбыл, М.Әуезов, Құрманғазы, Ә.Навои, Амангелді, Абай, Ерназаров, И.Панфилов, М.Шоқай, М.Горький, С.Сейфуллин көшелерінде орналасқан жер учаскелері;
5-ші аймақ: Кентау қаласының басқа бөлігінде орналасқан жер учаскелері.
8 Түркістан облысының облыстық маңызы бар қалаларында жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына қолданылатын түзету коэффициенттері
Түркістан облыстық мәслихаты
2021 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 13/138-VII Шешімге 2-қосымша
Оңтүстік Қазақстан облыстық
мәслихатының 2001 жылғы
27 маусымдағы №11/127-ІІ
шешіміне 2-қосымша
Түркістан облысының облыстық маңызы бар қалаларында жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына қолданылатын түзету коэффициенттері
Түркістан қаласы үшін:
Аймақтың нөмірлері
Аймақтардың түзету коэффициенттері
I
2
II
1,8
III
1,6
IV
1,4
V
1,2
VI
1
VII
0,8
VIII
0,7
IV
0,5
Арыс қаласы үшін:
Аймақтың нөмірлері
Аймақтардың түзету коэффициенттері
I
2
II
1,7
III
1,5
IV
1,2
V
1,0
VI
0,7
VII
0,5
Кентау қаласы үшін:
Аймақтың нөмірлері
Аймақтардың түзету коэффициенттері
I
2
II
1,5
III
1
IV
0,75
V
0,5
Ескертпе: жер телімдері үшін ақы төлеудің базалық ставкасына қолданылатын түзету коэффициенттері Түркістан, Арыс, Кентау қалаларында олардың бас жоспарларында анықталған шекара шегінде қолданылады.