Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 27 сентября 2002 года № 145 "Об утверждении Инструкции о государственной регистрации лицензионных договоров на использование произведений и объектов смежных прав"

Бұйрық · № 34 · қабылданған 31.01.2006
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2002-no-145/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 27 сентября 2002 года № 145 "Об утверждении Инструкции о государственной регистрации лицензионных договоров на использование произведений и объектов смежных прав" Күшін жойған Бұйрық ·№ 34 ·31.01.2006
22.04.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.04.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 27 сентября 2002 года № 145 "Об утверждении Инструкции о государственной регистрации лицензионных договоров на использование произведений и объектов смежных прав"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 34 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 27 сентября 2002 года № 145 "Об утверждении Инструкции о государственной регистрации лицензионных договоров на использование произведений и объектов смежных прав"
Атауы (қаз.)
"Туындылар мен сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға арналған лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркеу туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылы 27 қыркүйектегі № 145 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
34
Қабылданған күні
31.01.2006
Көрсетілген редакция
22.04.2010 AI26513_2.kaz
Соңғы өзгеріс
22.04.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V060004064_
ЭКБ идентификаторы
26513
Редакция идентификаторы
AI26513_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 17:58

0 "Туындылар мен сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға арналған лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркеу туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылы 27 қыркүйектегі № 145 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексіне (Салық кодексі) сәйкес, сондай-ақ "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1

1. "Туындылар мен сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға арналған лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркеу туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылы 27 қыркүйектегі N 145 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің тізілімінде N 1987 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің 2002 жылы N 41-42 бюллетенінде, 721-құжат жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген туындылар мен сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға арналған лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркеу туралы нұсқаулықта:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Комитет лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркеуді (бұдан әрі - мемлекеттік тіркеу) не оларды тіркеуден бас тартуды өтініш берушіден өтініш келіп түскен күннен бастап жиырма күн ішінде жүргізеді.
Комитет өтініште көрсетілген мәліметтерді растайтын қосымша құжаттарды талап еткен жағдайда, тіркеу мерзімі олар келіп түскенге дейін тоқтатыла тұруы мүмкін.";
5-тармақ мынадай мазмұндағы 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:
"6) эфирлік және кәбілдік хабар тарату ұйымдары үшін - бұқаралық ақпарат құралды есепке қою куәлігінің, телевизия және (немесе) радио арқылы хабар таратуды ұйымдастыру жөнінде мемлекеттік лицензияның заңнамада белгіленген тәртіппен куәландырылған көшірмелері;
7) тіркеген үшін алым төленгенін растайтын құжат тапсырылады.";
мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
"7-1. Комитет МТК-ның түпнұсқасы жоғалған, бүлінген немесе басқа да дәлелді себептер болған жағдайда, оның телнұсқасын өтініш берушінің өтініші бойынша жеті жұмыс күні ішінде беруі мүмкін.
МТК телнұсқасын берген үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік тіркеген үшін алым алынады.";
10-тармақ алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 12-тармақпен толықтырылсын:
"12. Өтініш беруші берген мәліметтердің растығына Комитет жауапты емес.".

2 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Зияткерлік меншік құқығы комитетінің төрайымы Н.Н.Сахиповаға жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы