Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 27 сентября 2002 года № 146 "Об утверждении Инструкции о государственной регистрации прав на произведения, охраняемые авторским правом и смежными правами"

Бұйрық · № 35 · қабылданған 31.01.2006
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2002-no-146/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 27 сентября 2002 года № 146 "Об утверждении Инструкции о государственной регистрации прав на произведения, охраняемые авторским правом и смежными правами" Күшін жойған Бұйрық ·№ 35 ·31.01.2006
22.04.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.04.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 27 сентября 2002 года № 146 "Об утверждении Инструкции о государственной регистрации прав на произведения, охраняемые авторским правом и смежными правами"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 35 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 27 сентября 2002 года № 146 "Об утверждении Инструкции о государственной регистрации прав на произведения, охраняемые авторским правом и смежными правами"
Атауы (қаз.)
"Авторлық құқықпен және сабақтас құқықтармен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 27 қыркүйектегі № 146 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
35
Қабылданған күні
31.01.2006
Көрсетілген редакция
22.04.2010 AI26514_2.kaz
Соңғы өзгеріс
22.04.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V060004065_
ЭКБ идентификаторы
26514
Редакция идентификаторы
AI26514_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 17:58

0 "Авторлық құқықпен және сабақтас құқықтармен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 27 қыркүйектегі № 146 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық кодексі) сәйкес, сондай-ақ "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1

1. "Авторлық құқықпен және сабақтас құқықтармен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 27 қыркүйектегі N 146 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізілімінде N 1988 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің 2002 жылғы N 41-42 бюллетенінде, 722-құжат жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген авторлық құқықпен және сабақтас құқықтармен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы нұсқаулықта:
2-тармақта:
6) тармақшада "(кино-, теле және бейнефильмдер, диафильмдер және басқа кино- және телетуындылар)" деген сөздер алып тасталсын;
7) тармақшада: "кескіндеме" деген сөз "мүсіндеме" деген сөзбен ауыстырылсын, "мүсіндеме" деген сөз "кескіндеме" деген сөзбен ауыстырылсын;
3-тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
"3. Авторлық құқықпен және сабақтас құқықтармен қорғалатын туындылар мен объектілерге құқықтарды тіркейтін мемлекеттік тізілімге мәліметтерді (1-қосымша) енгізу және Комитет төрағасы не оның ауыстыратын адамның қолы қойылған зияткерлік меншік объектісін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (бұдан әрі - мемлекеттік тіркеу туралы куәлік) (2-қосымша) авторлық құқықпен және сабақтас құқықтармен қорғалатын туындыларға құқықтардың мемлекеттік тіркелуінің ресми дәлелдемесі болып табылады.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды және сабақтас құқықтарды мемлекеттік тіркеуді (бұдан әрі - мемлекеттік тіркеу) немесе одан бас тартуды Комитет автордың (авторлардың) немесе құқық иесінің (құқық иеленушілердің) өтініші келіп түскен күннен бастап бір ай мерзім ішінде жүргізеді.
Комитет өтініште көрсетілген мәліметтерді растайтын қосымша құжаттарды талап еткен жағдайда тіркеу мерзімі, олар келіп түскенге дейін тоқтатыла тұрады.";
6-тармақта "автордың", "авторлардың" деген сөздерден кейін тиісінше "(құқық иеленушінің)", "(құқық иеленушілердің)" деген сөздермен толықтырылсын;
"туындының атауы" деген сөздерден кейін "күні, айы және туындының жасалған күні," деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Әдеби, ғылыми, драмалық, сценарий туындыларына құқықтарды тіркеу кезінде:";
2) тармақшада "түпнұсқасы және көшірмесі" деген сөздер "данасы" деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) мемлекеттік тіркегені үшін алым төленгенін растайтын құжат ұсынылады.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Мәтіні бар немесе мәтіні жоқ музыкалық туындыларға және музыкалық-драмалық туындыларға құқықтарды тіркеу кезінде:
1) өтініш;
2) туынды жазылған тасушы, туындының мәтіні, ноталары немесе партитурасы;
3) өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4) мемлекеттік тіркегені үшін алым төленгенін растайтын құжат ұсынылады.
Мәтіні бар музыкалық туындыға құқықтарды тіркеу кезінде оның мәтінін ұсыну қажет.
Тең авторлардың жеке жасаған музыкалық туындыларына берілетін құқықтар жеке де, сондай-ақ бірге де тіркелуі мүмкін.";
9-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Хореграфия, пантомима, дыбыстау-бейнелеу туындыларын құқықтарды тіркеу кезінде:";
2) тармақшада:
"бейнетаспа" деген сөз "тасушы" деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) мемлекеттік тіркегені үшін алым төленгенін растайтын құжат ұсынылады.";
10-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Сәулет, қала құрылысы, кескіндеме, мүсіндеме, графика, сондай-ақ басқа да бейнелеу, бау-саябақ және сәндік-қолданбалы өнер туындыларына құқықтарды тіркеу кезінде:";
мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) мемлекеттік тіркегені үшін алым төленгенін растайтын құжат ұсынылады.";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Фотосурет туындылары және фотосуретке ұқсас әдістермен жасалған туындыларға, сондай-ақ карталарға, жоспарларға, нобайларға, безендірулерге және географияға, топографияға және басқа да ғылымдарға жататын үш өлшемді туындыларға құқықтарды тіркеу кезінде:
1) өтініш;
2) туындының данасы;
3) өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4) мемлекеттік тіркегені үшін алым төленгенін растайтын құжат ұсынылады.";
12-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Электронды есептеуіш мәшинеге (бұдан әрі - ЭЕМ) арналған бағдарламаларға, дерек қорларға құқықтарды тіркеу кезінде:";
2) тармақшада:
"ЭЕМ-ге арналған бағдарламасы, деректер базасы" деген сөздер "ЭЕМ-ге арналған бағдарлама немесе дерек қорлар" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшада:
"ЭЕМ-ге арналған бағдарламасы, дерек базасы" деген сөздер "ЭЕМ-ге арналған бағдарламасының немесе дерекқордың" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) мемлекеттік тіркегені үшін алым төленгенін растайтын құжат ұсынылады.";
13-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Фонограммаларға құқықтарды тіркеу кезінде:";
3) тармақшада:
"дыбыс-бейнежазу таспасы немесе фонограмма жазылған компакт-диск" деген сөздер "тасушы" деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) мемлекеттік тіркегені үшін алым төленгенін растайтын құжат ұсынылады.";
14-тармақта:
бірінші абзацтағы "ұйымдары" деген сөз "Ұйымдарының хабар тарату құқықтары" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) мемлекеттік тіркегені үшін алым төленгенін растайтын құжат ұсынылады.";
15-тармақта:
"осы немесе өзге де туындыны" деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 15-1-тармақпен толықтырылсын:
"15-1. Құрамдас және туынды шығармаларға құқықтарды тіркеген жағдайда автормен (авторлармен) немесе құқық иесімен (құқық иеленушілермен) жасасқан авторлық шарттың көшірмесі ұсынылады.";
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Тіркеуге ұсынылатын материалдар нөмірленуі, тігілуі және әр бетіне автордың (құқық иеленушінің) қолы қойылуы қажет.
Комитетке ұсынылған материалдар (сонымен бірге тіркеуден бас тартылған материалдар), құқықтарды тіркеуге берген өтінім берушінің оларды қайтару туралы жазбаша өтініші болған жағдайды есептемегенде, қайтарылмайды.".
мынадай мазмұндағы 18-1-тармақпен толықтырылсын:
"18-1. Комитет мемлекеттік тіркеу туралы куәлік жоғалған, бүлінген немесе басқа да дәлелді себептер болған жағдайда, оның телнұсқасын автордың (авторлардың) немесе құқық иесінің (құқық иеленушілердің) өтініші бойынша он жұмыс күні ішінде беруі мүмкін. Мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің телнұсқасын берген үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген алым алынады.";
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"20. Өтініш беруші берген мәліметтердің растығына Комитет жауапты емес.";
осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес 1-қосымшамен толықтырылсын.
Қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Зияткерлік меншік құқығы комитетінің төрайымы Н.Н.Сахиповаға жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

1 Авторлық құқықпен және сабақтас құқықтармен қорғалатын туындыларға және объектілерге құқықтарды мемлекеттік тіркеудің тізілімі

Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2006 жылғы 31 қаңтардағы
N 35 бұйрығына 1-қосымша
"Авторлық құқықпен және сабақтас
құқықтармен қорғалатын туындыларға
құқықтарды мемлекеттік тіркеу
туралы нұсқаулыққа 1-қосымша
Авторлық құқықпен және сабақтас құқықтармен қорғалатын туындыларға және объектілерге құқықтарды мемлекеттік тіркеудің тізілімі
№ N
Ке­ліп түс­кен кү­ні
Тіркел-
ген
кү­ні
Ав­тордың
неме­се
ав­торлар­дың
те­гі, аты,
әкесі­нің
аты
Ме­кен-жайы,
бас­қа да
бе­рі­л­ген
мә­лі­мет­тер
Құқық
ие­лену­ші
Құқық­тар
объ­ек­тісі­нің
ата­уы
Ес­керту

2 Зияткерлік меншік объектісін мемлекеттік тіркеу туралы КУӘЛІК

Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2006 жылғы 31 қаңтардағы
N 35 бұйрығына 2-қосымша
Авторлық құқықпен және сабақтас
құқықтармен қорғалатын туындыларға
құқықтарды мемлекеттік тіркеу
туралы нұсқаулыққа 2-қосымша
Зияткерлік меншік объектісін мемлекеттік тіркеу туралы КУӘЛІК
N_____ 200_ ж "____"_________
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік
құқығы комитетінде
___________________________________________________өтініші бойынша
(тегі, аты, әкесінің аты)
авторы_____________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
____________________________________________________болып табылатын
зияткерлік меншік объектісі________________________________________
_________________________________атаумен тіркелгені куәландырылады.
Автордың (құқық иеленушінің) өтініші бойынша зияткерлік меншікке
айрықша (мүліктік) құқықтар және
____________________________________________ ______жасалған объекті
(күні, айы, жылы)
___________________________________________________________ тиесілі
(тегі, аты, әкесінің аты немесе заңды тұлғаның толық атауы)
және автор (құқық иеленуші) жоғарыда көрсетілген объектіні жасаған
кезде басқа адамдардың зияткерлік меншік құқығы бұзылмағандығына
кепілдік береді.
Тізілімде 200__ жылғы "____"________ жасалған N____ жазба бар.
Төраға".

Қолданыстағы