О внесении изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий и защите конкуренции от 27 января 2003 года № 17-ОД "Об утверждении Инструкции по расчету ставки прибыли (чистого дохода) на регулируемую базу задействованных активов для субъектов естественной монополии, оказывающих услуги водохозяйственной и (или) канализационной систем и субъектов естественной монополии энергетического сектора"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий и защите конкуренции от 27 января 2003 года № 17-ОД "Об утверждении Инструкции по расчету ставки прибыли (чистого дохода) на регулируемую базу задействованных активов для субъектов естественной монополии, оказывающих услуги водохозяйственной и (или) канализационной систем и субъектов естественной монополии энергетического сектора"
- Атауы (қаз.)
- "Су шаруашылығы және (немесе) канализациялық жүйелерге және энергетика секторындағы табиғи монополия субъектiлерiне қызмет көрсететiн табиғи монополия субъектiлерi үшiн iске қосылған активтердiң реттелетiн базасына арналған пайда (таза табыс) ставкаларын есептеу жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгi төрағасының 2003 жылғы 27 қаңтардағы № 17-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 69-ОД
- Қабылданған күні
- 27.02.2013
- Көрсетілген редакция
- 22.05.2020 71817_485363.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.05.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1300008391
- ЭКБ идентификаторы
- 71817
- Редакция идентификаторы
- 71817_485363
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 23:35
0
"Су шаруашылығы және (немесе) канализациялық жүйелерге және энергетика секторындағы табиғи монополия субъектiлерiне қызмет көрсететiн табиғи монополия субъектiлерi үшiн iске қосылған активтердiң реттелетiн базасына арналған пайда (таза табыс) ставкаларын есептеу жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгi төрағасының 2003 жылғы 27 қаңтардағы № 17-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі Заңының 13-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 қыркүйектегі № 864 қаулысымен бекітілген Өз қызметiн концессия шарттары бойынша жүзеге асыратын табиғи монополия субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiнiң (тауарларының, жұмыстарының) тарифтерiн (бағаларын, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн қалыптастыру ережесінің 23-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы № 943 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереженің 21-тармағының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Су шаруашылығы және (немесе) канализациялық жүйелерге және энергетика секторындағы табиғи монополия субъектiлерiне қызмет көрсететiн табиғи монополия субъектiлерi үшiн iске қосылған активтердiң реттелетiн базасына арналған пайда (таза табыс) ставкаларын есептеу жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы» Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгi төрағасының 2003 жылғы 27 қаңтардағы № 17-НҚ бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2154 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілері Бюллетенінде жарияланған, 2003 ж., № 14, 829-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Сумен жабдықтауға және (немесе) суды бұруға және энергетика секторындағы табиғи монополия субъектiлерiне қызмет көрсететiн табиғи монополия субъектiлерi үшiн iске қосылған активтердiң реттелетiн базасына арналған пайда (таза табыс) ставкаларын есептеу жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Сумен жабдықтауға және (немесе) суды бұруға және энергетика секторындағы табиғи монополия субъектілеріне қызмет көрсететін табиғи монополия субъектілері үшін іске қосылған активтерді реттелетін базасына арналған пайда (таза табыс) ставкаларын есептеу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Су шаруашылығы және (немесе) канализациялық жүйелерге және энергетика секторындағы табиғи монополия субъектiлерiне қызмет көрсететiн табиғи монополия субъектiлерi үшiн iске қосылған активтердiң реттелетiн базасына арналған пайда (таза табыс) ставкаларын есептеу жөнiндегi нұсқаулықта:
атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Сумен жабдықтауға және (немесе) суды бұруға және энергетика секторындағы табиғи монополия субъектiлерiне қызмет көрсететiн табиғи монополия субъектiлерi үшiн iске қосылған активтердiң реттелетiн базасына арналған пайда (таза табыс) ставкаларын есептеу жөнiндегi нұсқаулық»;
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Сумен жабдықтауға және (немесе) суды бұруға және энергетика секторындағы табиғи монополия субъектiлерiне қызмет көрсететiн табиғи монополия субъектiлерi үшiн iске қосылған активтердiң реттелетiн базасына арналған пайда ставкаларын (таза табысты) есептеу бойынша осы Нұсқаулық (бұдан әрi - Нұсқаулық) сумен жабдықтауға және (немесе) суды бұруға және энергетика секторындағы табиғи монополия субъектiлерiне қызмет көрсететiн табиғи монополия субъектiлерiнiң тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету үшiн жағдайлар жасау мақсатында әзiрлендi.»;
2, 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Нұсқаулық сумен жабдықтау және (немесе) суды бұру қызметтерiн көрсететiн табиғи монополия субъектiлерiнің, оның ішінде өз қызметiн концессия шарттары бойынша жүзеге асыратындар құрамына кiретiн және энергетика секторындағы табиғи монополия субъектілерінің және тарифтерді (бағаларды, ағымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін есептеу және бекіту кезінде ескерілетін пайданың (таза табыстың) қол жетiмдi деңгейiн есептеуді нақтылайды.
3. Нұсқаулық сумен жабдықтауға және (немесе) суды бұруға және энергетика секторындағы табиғи монополия субъектiлерiне (бұдан әрi - Субъект) қызметтер (тауарлар, жұмыстар) көрсететiн табиғи монополия субъектiлерiнің тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн пайданы (таза табысты) негiздi есептеу және алу мүмкiндiгi мақсатында енгiзiледi.
Бұл ретте инвестицияларды қаржыландыру көздері өзіндік және (немесе) заемдық қаражаттар - пайда (таза табыс) және амортизациялық аударымдар болып табылады.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Осы Нұсқаулықта мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) активтердiң iске қосылғандық коэффициентi табиғи монополия саласына жататын қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) өндiру және ұсыну кезiнде Субъектiнiң негiзгi құралдарының iс жүзiнде пайдаланылуын (iске қосылуын) сипаттайтын, олардың технологиялық қуатынан пайыздық түрдегi көрсеткiш;
2) капиталдың құны - табиғи монополия саласына қатысты қызметтi жүзеге асыруға байланысты инвестициялық тәуекелдi көрсететiн заемдық және өз қаражаттарына сыйақы ставкасын сипаттайтын шама;
3) меншiк капиталы - Субъектiнiң қатысушылары немесе акционерлерiне тиесiлi, Субъектiнiң қатысушылары мен акционерлерiне белгiлi бiр табыс алуға құқық беретiн үлестердiң немесе акцияларды белгiлi бiр санынан тұратын, сондай-ақ жинақталған бөлiнбейтiн пайда мен резерв капиталын, қосымша төленген және қосымша төленбеген капиталды қамтитын капитал;
4) пайданың (таза табыстың) ұйғарынды деңгейi - уәкiлеттi органның бекiтуiне жататын тұтынушыларға сатылатын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) тиiмдi жұмыс iстеуi мен сапасын жақсарту үшiн алу құқығы берiлген, тарифтiң (бағаның, алым ставкасының) құрамына кiретiн пайда (салық салынғаннан кейiнгi таза табыс);
5) тарифтiң (бағаның, алым ставкасының) шектi деңгейi – орташа мерзiмдi немесе ұзақ мерзiмдi кезеңге бекiтiлетiн, табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметiне (тауарына, жұмысына) арналған тарифтiң (бағаның, алым ставкасының) ең жоғары шамасы;
6) iске қосылған активтердiң реттелетiн базасы - Субъектiнiң меншiгiнде орналасқан және Субъектiнiң немесе пайда алуға құқығы бар қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) өндiру және ұсыну кезiнде пайдаланылатын активтердiң реттелетiн құны;
7) энергетика секторындағы табиғи монополия субъектiлерi - табиғи монополия саласына жатқызылған қызметтiң мынадай түрлерiн:
тауарлық газды сақтауды, жалғастырушы, магистральдық газ құбыржолдары және (немесе) газ тарату жүйелерi арқылы тасымалдауды, топтық резервуарлық қондырғыларды пайдалануды, сондай-ақ шикi газды жалғастырушы газ құбырлары арқылы тасымалдауды;
электр энергиясын беруді және (немесе) таратуды;
топырақтың жылуын, жерасты суларды, өзендерді, су айдындарын өнеркәсіптік кәсіпорындардың және электр станцияларының, кәріздік-тазарту құрылыстарының сарқынды суларын пайдалана отырып, өндірілген жылу энергиясын қоспағанда, жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және (немесе) онымен жабдықтау;
электр энергиясын желiге босатуды техникалық диспетчерлендіруді және тұтынуды;
электр энергиясын өндiрудiң-тұтынудың теңгерiмдеуді ұйымдастыруды жүзеге асыратын табиғи монополиялар субъектілері.»;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Сумен жабдықтау және (немесе) суды бұру қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектілері үшін пайда ставкасы 30% дейін мөлшерінде қабылданады.
Қаржыландыру көздерін инвестициялар көлемдерінен асырған кезде, пайда инвестицияларды қаржыландыру көздері ретінде амортизациялық аударымдар мен қарыз қаражаттарды ескере отырып, инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыруға қажет деңгейге дейін төмендету жағына түзетілетін болады.
Егер сумен жабдықтау және (немесе) суды бұру қызметтеріне тарифтердің жоспарлы деңгейі 1 м3-қа 200 теңгеден асатын болса қосымша құн салығынсыз пайда ставкасы тарифті немесе оның шекті деңгейін бекітуге берген өтінімді беру күніне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру ставкасының деңгейінде қабылданады.».