Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в приказ - Председателя Агентства таможенного контроля Республики Казахстан от 27 мая 2003 года № 247 "Об утверждении Правил перечисления таможенных платежей, налогов и пени в государственный бюджет и зачета, возврата излишне уплаченных таможенных платежей, налогов и пени из государственного бюджета"

Бұйрық · № 365 · қабылданған 20.09.2005
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2003-no-247/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в приказ - Председателя Агентства таможенного контроля Республики Казахстан от 27 мая 2003 года № 247 "Об утверждении Правил перечисления таможенных платежей, налогов и пени в государственный бюджет и зачета, возврата излишне уплаченных таможенных платежей, налогов и пени из государственного бюджета" Күшін жойған Бұйрық ·№ 365 ·20.09.2005
21.09.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.09.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в приказ - Председателя Агентства таможенного контроля Республики Казахстан от 27 мая 2003 года № 247 "Об утверждении Правил перечисления таможенных платежей, налогов и пени в государственный бюджет и зачета, возврата излишне уплаченных таможенных платежей, налогов и пени из государственного бюджета"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 365 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в приказ - Председателя Агентства таможенного контроля Республики Казахстан от 27 мая 2003 года № 247 "Об утверждении Правил перечисления таможенных платежей, налогов и пени в государственный бюджет и зачета, возврата излишне уплаченных таможенных платежей, налогов и пени из государственного бюджета"
Атауы (қаз.)
"Кедендік төлемдерді, салықтарды және өсімпұлдарды мемлекеттік бюджетке аударудың және артық төленген кедендік төлемдерді, салықтарды және өсімпұлдарды есепке алу мен мемлекеттік бюджеттен қайтарып алудың ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 27 мамырдағы № 247 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
365
Қабылданған күні
20.09.2005
Көрсетілген редакция
21.09.2010 AI25497_2.kaz
Соңғы өзгеріс
21.09.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V050003882_
ЭКБ идентификаторы
25497
Редакция идентификаторы
AI25497_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 18:22

0

"Кедендік төлемдерді, салықтарды және өсімпұлдарды мемлекеттік бюджетке аударудың және артық төленген кедендік төлемдерді, салықтарды және өсімпұлдарды есепке алу мен мемлекеттік бюджеттен қайтарып алудың ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 27 мамырдағы № 247 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 346 , 348 және 351-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. "Кедендік төлемдерді, салықтарды және өсімпұлдарды мемлекеттік бюджетке аударудың және артық төленген кедендік төлемдерді, салықтарды және өсімпұлдарды есепке алу мен мемлекеттік бюджеттен қайтарып алудың ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 27 мамырдағы № 247 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық кесімдерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2351 болып тіркелген, "Официальная газета" газетінде 2003 жылғы 16 тамызда № 35 (138) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
атауында және мәтін бойынша "мемлекеттік" деген сөз алынып тасталсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кедендік төлемдерді, салықтарды және өсімпұлдарды мемлекеттік бюджетке аударудың және артық төленген кедендік төлемдерді, салықтарды және өсімпұлдарды есепке алу мен мемлекеттік бюджеттен қайтарып алудың ережесінде:
атауында және мәтін бойынша "мемлекеттік" деген сөз алынып тасталсын (10-тармақтағы нормативтік құқықтық актіге сілтемені қоспағанда);
17-тармақтың 1) тармақшасындағы ", есепке алуға немесе қайтаруға жататын" деген сөздер алынып тасталсын;
17-тармақтың 2) тармақшасындағы "төленген" деген сөз "енгізілген" деген сөзбен ауыстырылсын;
18-тармақтағы "он бес" деген сөз "он" деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 22, 23, 24 және 25-тармақтармен толықтырылсын:
"22. Артық төленген сомасы бар кедендік төлемнің және салықтың түрі бойынша келесі кедендік төлемдердің, салықтардың және өсімпұлдардың есебіне есепке алуды жүзеге асыру үшін төлеуші өтінішпен кеден органына өтініш жасайды.
23. Өтінішке қоса берілетін құжаттардың тізбесі, сондай-ақ қарау мерзімі осы Ереженің 17 және 18-тармақтарында көзделген.
24. Өтініш алынғаннан кейін кеден органы бюджетке салықтардың басқа түрлері бойынша берешектің бар-жоқтығы туралы салық органы-бенефициарға сұрау салумен өтініш жасайды.
Бюджетке салықтар мен басқа да міндетті төлемдер бойынша берешек болған кезде, кеден органы бір жұмыс күн ішінде сұрау салуға жауап алынғаннан кейін өтініш берушіге артық төленген сомасы бар кедендік төлем, салық немесе өсімпұлдың түрі бойынша келесі кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу есебіне есептеуден бас тарту туралы хабарлайды. Бұл ретте, хабарламада салық органының атауы және берешегі бар салықтың түрі көрсетіледі. Көрсетілген берешекті өтеу үшін төлеуші осы берешек бар салық органына өтініш ұсынады.
Бюджетке салықтар мен басқа да міндетті төлемдер бойынша берешек болмаған жағдайда кеден органы артық төленген сомасы бар сол кедендік төлем, салық немесе өсімпұл түрі бойынша келесі кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу есебіне жатқызуды жүргізеді.
25. Кеден органы артық төленген сомасы бар кедендік төлем мен салық түрі бойынша келесі кедендік төлемдер, салықтар мен өсімпұлдардың төлеу есебіне жатқызуды төлеу орны бойынша жүргізеді.";
қосымшаларда:
атауларында және мәтіндері бойынша "мемлекеттік" деген сөз алынып тасталсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Кедендік кірістер басқармасы (Н.С.Жанарбаева) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

3 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Ұйымдастырушылық жұмыс және бақылау басқармасы (К.І.Махамбетов) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жариялануын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының бірінші орынбасары М.Е.Аманбаевқа жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Келісілді
Қаржы министрлігі
Салық комитетінің төрағасы
2005 жылғы 30 қыркүйек
Келісілді
Қаржы министрлігі
Қазынашылық комитетінің төрағасы
2005 жылғы 30 қыркүйек

Қолданыстағы