Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 27 октября 2003 года № 379 "О совмещении видов профессиональной деятельности на рынке ценных бумаг"

Қаулы · № 45 · қабылданған 23.02.2007
Заңдық күші: Күшін жойған · 19.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2003-no-379-ekb-32837/on/2026-08-19/
Басып шығарылды 2026-08-19 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 27 октября 2003 года № 379 "О совмещении видов профессиональной деятельности на рынке ценных бумаг" Күшін жойған Қаулы ·№ 45 ·23.02.2007
26.03.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
19.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.03.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 27 октября 2003 года № 379 "О совмещении видов профессиональной деятельности на рынке ценных бумаг"

Күшін жойған Қаулы ·№ 45 · 19.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 27 октября 2003 года № 379 "О совмещении видов профессиональной деятельности на рынке ценных бумаг"
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқару туралы" 2003 жылғы 27 қазандағы N 379 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
45
Қабылданған күні
23.02.2007
Көрсетілген редакция
26.03.2012 AI32837_2.kaz
Соңғы өзгеріс
26.03.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V070004612_
ЭКБ идентификаторы
32837
Редакция идентификаторы
AI32837_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 16:01

0 Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқару туралы" 2003 жылғы 27 қазандағы N 379 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқару тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық кесімдерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқару туралы" 2003 жылғы 27 қазандағы N 379 қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2583 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары мен басқа да мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық кесімдерінің бюллетенінде жарияланған, 2004 жыл, N 1-4, 905-бап) Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқару туралы" 2003 жылғы 27 қазандағы N 379 қаулысына толықтыру енгізу туралы" 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 396 қаулысымен (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3416 тіркелген) және Агенттік Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногындағы кәсіби қызмет түрлерін біріктіру туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2003 жылғы 27 қазандағы N 379 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы N 278 қаулысымен (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3854 тіркелген) енгізілген толықтыру мен өзгерістерімен мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1-тармақта:
3) тармақшада ", кастодиандық қызметпен" деген сөздер алынып тасталсын;
5) тармақшада ", инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметпен" деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушылары жүзеге асыратын брокерлік және/немесе дилерлік қызмет айрықша болып табылады және де бағалы қағаздар рыногындағы басқа кәсіби қызмет түрлерімен қоса атқарылмайды.".

2 2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде

мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін
қолданысқа енгізіледі.

3 3. Лицензиялау басқармасы (Нәжімеденова Ә.Ж.):

1 1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;

2 2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік

тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне, "Активтерді басқарушылар қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне, зейнетақы активтерін инвестициялық басқару бойынша қызмет көрсететін бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларына, Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығына жіберсін.

4 4. Агенттіктің Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының

орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.

Қолданыстағы